- Барлық ақпарат
«Болат түйе керуені» болған Қытай-Еуропа пойызы Қытайдың ашықтық қадамын тездетті
![]() |
8 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Соңғы он жылда еліміз ашықтықтың неғұрлым белсенді стратегиясын енгізіп, 140-тан астам ел мен аймақтың ірі сауда серіктесі болды. Тауар саудасы әлем бойынша бірінші орында.
26 қыркүйекте Қытайдың 5-інші халықаралық импорт көрмесінің экспонаттары тиелген «Қытай-Еуропа кезекші пойызы-импорт нөмері» Германияның Гамбург қаласынан Шанхайға бет алды. Азия мен Еуропаны қамтитын «Болат түйе керуені» атанған Қытай-Еуропа пойызы Қытай үшін жаһандық ынтымақтастыққа, «Бір белдеу, бір жолды» бірлесіп құруға және тағдыры ортақ адамзат қауымдастығының дамуына ықпал етудің негізгі тәжірибесіне айналды.
Азия мен Еуропаға жол салды
Осы жылдың шілде айының соңына дейін қатынаған Қытай-Еуропа пойызының саны 57000-ға жетті. 5,3 миллион TEU жүк тасымалданды. Тасымалдау қарқыны 98,3% және жалпы құны 300 миллиард АҚШ долларына жуық.
-- Арнасы кеңеюде
Қытай-Еуропа пойыздарының саны 2013 жылғы 80-нен 2021 жылы 15183-ға жетті. Орташа жылдық өсу қарқыны 92,7%.
-- Қызмет көлемі кеңейді
Осы жылдың шілде айының соңына дейін, Қытай-Еуропа пойыздары жалпы 82 көлік желісін жүргізіп, Еуропаның 24 еліндегі 196 қалаға жетті. Ал көлік қызмет желісі бүкіл Еуропаны қамтиды.
-- Тауарлар санаты молайды
Желі алғаш ашылғандағы ұялы телефондар мен компьютерлер сияқты IT өнімдерінен бастап, киім-кешек, автомобильдер мен оның жабдықтары, азық-түлік және шарап сияқты 53 түрлі 50 000-нан астам сұрыптарға дейін кеңейді.
-- Тасымалдау сапасы жақсарды
Қытай-Еуропа пойыздарының жалпы жүктемесі 2016 жылғы 77,2%-дан 2021 жылы 98,1%-ға дейін өсті. Осы жылдан бастап шығып-кіретін ауыр жүктерді тасымалдау көрсеткіші 98%-ға жуық жоғары деңгейді сақтады.
Алмасу мен ынтымақтастықты ынталандырды
-- Бағыттас елдер арасындағы экономикалық және сауда алмасулары кеңейді
2021 жылы Қытай-Еуропа пойыздары қатынайтын 24 елдің импорты мен экспорты 6,88 трлн. юаньды құрайды. Сәйкес мезгілмен салыстырғанда 19,7%-ға өсті.
-- Жол бойындағы халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға оң ықпал етті
Қытай-Еуропа пойыздарының қарқынды дамуы жол бойындағы елдер инфрақұрылымының жақсаруына оң ықпал етті. Өнеркәсіп, сауда, инвестиция және басқа салалардың өркендеуіне жағдай жасады. Сонымен қатар жол бойындағы елдер үшін мыңдаған жұмыс орындарын ұсынды.
-- Халықаралық эпидемияға қарсы «өмір дәлізін» салды
Осы жылдың маусым айының соңына дейін, Қытай-Еуропа пойыздары індеттің алдын алуға арналған жалпы салмағы 109 000 тонна болатын, 14,17 миллион дана жабдық жіберді. Бұл бір-біріне қамқорлық жасап, бірлесіп жұмыс істейтін тағдыры ортақ адамзат қауымдастығы тұжырымнамасын дәлелдейді.
-- Жол бойындағы елдермен мәдени алмасуды тереңдетті
Қытай-Еуропа пойыздары шетел және Қытайдың ірі желілі қалаларымен халықаралық достық қатынас орнатуда; бұл Қытай мен Еуропа арасындағы мәдениетті тарату мен алмасуға мүмкіндіктер ашты.
people.cn © People's Daily Online