ШЫҰ-ға мүше елдердің кәсіпорындары импорт көрмесін пайдаланып Қытайдың ашықтық мүмкіндіктерінен игіліктенді

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 9 қараша
ШЫҰ-ға мүше елдердің кәсіпорындары импорт көрмесін пайдаланып Қытайдың ашықтық мүмкіндіктерінен игіліктенді

9 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Ресейдің балмұздағы, Қазақстанның сүт өнімдері, Үнді дәмдеуіштері... Шанхайда өтіп жатқан Қытайдың 5-інші халықаралық импорт көрмесінде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдердің тауарлары бірінен соң бірі жұртпен жүздесті.

Биылғы жылы ШЫҰ-ға қатысушы елдердің саны алдыңғы сессиямен салыстырғанда артты. Алғашқы көрмеден кейін Қытай мен Шанхай ынтымақтастық ұйымының жергілікті экономикалық және сауда ынтымақтастығының демонстрациялық аймағы алғаш рет осы көрмеде ШЫҰ аймағын құрып, ШЫҰ-ға мүше елдерге тән тауарлардың 100-ден астам түрін көрсету үшін 8 көрме мен сауда алаңдарын әзірледі.

ШЫҰ-ға мүше елдердің көптеген кәсіпорындары көрмені Қытайдың ашықтық мүмкіндіктерін белсенді бөлісу орайы ретінде пайдаланады.

2005 жылы Қытайда өкілдігін ашқан Ресейлік Балтық сыра компаниясы биыл алғаш рет көрмеге қатысты.

Іске қосылғанына екі күн болған компанияның Бейжің өкілдігінің бас өкілі Александр Пресняков көптеген кәсіби сатушыларды қабылдады. «Әр жылы келсем деп күтемін» деген ол: «Қытай – біздің негізгі экспорттық нарықтарымыздың бірі. Біз өз өнімдерімізді қытайлық тұтынушыларға беделді және тиімді көрме платформасы арқылы жеткізуді асыға күтеміз»,- деді.

Биылғы Эксподағы Қазақстандық өнімдердің көрме аймағында дәстүрлі ұлттық киім киген қазақ қызы Ботакөз Елшібеква жабдықтарды реттеумен әбігер болды. Ол көрме залының ашылу салтанатын әлеуметтік желілер арқылы тікелей эфирде көрсетті.

«Менің тікелей эфирім Қытайлық тұтынушыларға Қазақстанның өнімдері туралы көбірек білуге, сондай-ақ эпидемияға байланысты бұл жерге келе алмайтын достарға көрме атмосферасын сезінуге мүмкіндік береді деп үміттенемін» -, деді Б.Елшібеква.

Электрондық коммерцияның тікелей эфирі дамып келе жатқан формат ретінде ШЫҰ-ға мүше елдердің Қытайдағы тауарларын таныстыруда үлкен рөл атқарды. 2022 жылғы Ұлттық жаңа жылдық онлайн-фестиваль кезінде Қытай сауда министрлігі «ШЫҰ-ға мүше елдерге тән тауарлардың электрондық саудасы шарасының тікелей көрсетілімін» өткізді. Іс-шараға ШЫҰ-ға мүше елдерге тән тауарлардың 1500-ден астам санаты қатысты. Нәтижесінде ШЫҰ-ға мүше елдердің тауарларды сату көлемі шамамен 100 миллион юаньды құрады.

«Іс-шара барысында қысқа уақыт ішінде ШЫҰ-ға мүше елдердің түрлі тауарлары сатылып кетті. Бұл тиісті елдер кәсіпорындарының Қытай нарығына деген сенімін одан әрі нығайтты». Сян Чжицян көптеген компаниялардың Шанхай ынтымақтастығы демонстрациялық аймағының басқарушы комитетімен хабарласып, Қытайдың 5-інші халықаралық импорт көрмесіне қатысқысы келетіндерін айтқанын жеткізді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото