Қазақстандық сүт өнімдері саудасы Қытайдың импорт көрмесінен мүмкіндік іздеуде

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 10 қараша

10 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың 5-інші халықаралық импорт көрмесіндегі Қазақстан стендінде сусындардың, сүт өнімдерінің, балдың және дәмдеуіштердің алуан түрі көрген жұртты таң қалдырады. Соның ішінде түйе сүті ұнтағы көзге ерекше көрінді.

«Қазақстандық сүт компаниялары үшін Қытай нарығы бизнеске үлкен мүмкіндіктер ашады»,-деді стендке жауапты Әлібек Смайылов People's daily журналистеріне еркін қытай тілінде. Түйе сүті ұнтағының тағамдық құндылығын бағалайтын қытайлық тұтынушылардың саны артып келеді, нарық көлемі де барған сайын кеңеюде. Қазіргі уақытта олар көптеген клиенттермен сатып алу туралы келісімдерге қол жеткізді.

Қазақстанда жоғары сапалы түйе сүтінің қайнары бар. Қазақстандағы түйе сүті ұнтағын өндіру жөніндегі компанияның басшысы өздерінің 20 стандартталған сүт станциясы мен толық автоматты өндірісі бар Индустриалды парк құрғанын айтты. «Қытай нарығы біз үшін өте кең»,-дейді ол.

Қазақстандық кәсіпкер Қ.Мейрамбеков негізін қалаған «QAZBOTA» түйе сүті ұнтағы бренді 2018 жылы Қытайдың 1-інші халықаралық импорт көрмесіне қатысқаннан бері оның танымалдығы артып келеді. «QAZBOTA» Қытай импорт көрмесі платформасының арқасында Қытайда ынтымақтастық агенттерін тапты. Осы жылдың бірінші жартыжылдығында компания Қытайда бірнеше ірі электрондық коммерция платформаларында флагмандық дүкендер ашты және ай сайынғы сатылымдары тұрақты түрде өсті.

Ә.Смайылов Экспо-ға бес жыл қатарынан қатысқанын, Қазақстан мен Қытай кәсіпорындарының ынтымақтастықты нығайтуға дайындығы мен ынтасын терең сезінетінін, екі тарап арасындағы сауда көлемінің одан әрі өсуіне үміттенетінін жеткізді.

«Қазақстандағы компаниялардың бірқатар басшылары маған жыл сайын көрмеде көптеген жаңа клиенттермен келісім-шартқа қол қоятындықтарын, көрме жаһандық компаниялар үшін көбірек мүмкіндіктер туғызады деп үміттенетінін айтады",-деді Ә.Смайылов. 

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото