Қытайлық желі қолданушыларының саны 1,051 миллиардқа жетіп, интернет аясының деңгейі 74,4% болды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 10 қараша
Қытайлық желі қолданушыларының саны 1,051 миллиардқа жетіп, интернет аясының деңгейі 74,4% болды

10 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 2022 Дүниежүзілік интернет-конференциясының Учжэнь саммиті 9 қараша күні шымылдығын ашты. Конференцияда Қытайдың интернет кеңістігін зерттеу институты «2022 жылғы Қытайдағы интернеттің дамуы туралы» және «2022 жылғы әлемдегі интернеттің дамуы туралы» есептің көк кітаптарын жариялады.

«Көк кітапқа» сәйкес, осы жылдың маусым айындағы жағдай бойынша еліміздегі интернет қолданушылардың саны 1,051 миллиардқа жетіп, интернеттің ену деңгейі 74,4%-ды құраған. Сонымен қатар, цифрлық экономика, әсіресе оның негізгі салалары тұрақты экономикалық дамудың маңызды тетігіне айналды. 2021 жылы Қытайдың цифрлық экономикасының ауқымы 45 трлн юаньнан асып, бұл ЖІӨ-нің 40%-ын құрады. Есепке сәйкес, Гуандун, Бейжің, Цзянсу, Чжэцзян, Шанхай, Шаньдун, Тяньцзинь, Сычуань, Фуцзянь, Хубэй және басқа 10 өлке (орталық үкіметке тіке қарайтын қалалар) интернет дамуының ең жоғары деңгейіне ие.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото