2022 жылғы Дүниежүзілік интернет-конференция есебінде интернетті дамыту бойынша алдыңғы ондықтағы елдердің рейтингісі белгілі болды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 10 қараша
2022 жылғы Дүниежүзілік интернет-конференция есебінде интернетті дамыту бойынша алдыңғы ондықтағы елдердің рейтингісі белгілі болды

10 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 2022 Дүниежүзілік интернет-конференциясының Учжэнь саммитінде Қытайдың интернет кеңістігін зерттеу институты «2022 жылғы әлемдегі интернеттің дамуы туралы» және «2022 жылғы Қытайдағы интернеттің дамуы туралы» есептің көк кітаптарын жариялады.

«2022 жылғы әлемдегі интернеттің дамуы туралы» есепте инфрақұрылым, инновациялық әлеует, өнеркәсіптік даму, интернет қосымшалары, интернет қауіпсіздігі және интернетті басқару - алты аспекті бойынша бес континенттегі өкілетті 48 ел мен аймақ бағаланды. Жан-жақты бағалаудан кейін биылғы жылдың алғашқы ондығына АҚШ, Қытай, Германия, Швеция, Нидерланды, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания, Канада, Финляндия және Дания кірді.

Есепте 2021 жылы әлемнің 47 елінде цифрлық экономика негізінде артқан құн көлемі 38,1 трлн АҚШ долларына жеткені көрсетілді. Бұл сәйкес мезгілмен салыстырғанда номиналды түрде 15,6%-ға артып, ЖІӨ-нің 45%-ын құрады.

2021 жылдың соңына қарай дүние жүзіндегі 145 ел мен аймақтағы 487 оператор 5G желілеріне инвестиция салды. Тіркелген кең жолақты желілер гигабиттік дәуірге кірді. Ал төмен орбиталық спутниктік интернет жаһандық бәсекелестіктің түйініне айналды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото