Импорттық сауда инновациясын ілгерілетудің 43 ұлттық демонстрациялық аймағы бар

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 14 қараша
Импорттық сауда инновациясын ілгерілетудің 43 ұлттық демонстрациялық аймағы бар

14 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында сауда министрлігі, Ұлттық даму және реформалар комиссиясы мен басқа 8 департамент бірлесіп хабарлама шығарды. Хабарламаға сәйкес, импорттық сауданы ынталандыру үшін Бейжің халықаралық әуежайының экономикалық аймағы, Шанхайдың Хуайхай Синьтяньди импорттық сауда аймағы сынды 29 Ұлттық инновациялық демонстрациялық аймақтар ашылды. Осы уақытқа дейін елімізде 43 импорттық саудаға бағытталған демонстрациялық аймақтар іске қосылды.

Сауда министірлігінің Сыртқы сауда департаментіне жауапты тұлға импортты кеңейту бастамасын қабылдау Қытайдың сыртқы әлемге жоғары деңгейдегі ашық есіктікті ілгерілетуінің маңызды бөлігі екенін айтты. Қытай 13 жыл қатарынан әлемдегі екінші ірі импорттаушы ел болып келді. Бұл 210 ел мен аймақтың экспорттық нарығы және 60 ел мен аймақтың негізгі экспорттық нарығы. Осы жылдың бірінші жартыжылдығында Қытай импорты әлемдік импорттың 10,6%-ын құрады. Кең ауқымды импорт әртүрлі сауда экспорттаушы елдерінің экономикалық дамуы мен ішкі жұмыспен қамтылуына тиімді ықпал етті. Сонымен бірге ел ішіндегі өндірісті қамтамасыз етіп, халықтың тұрмысын жақсартты.

Жауапты тұлға жаңадан құрылған импорттық демонстрациялық аймақтар өз аймақтарын нақты ашудан басталу керектігін, сауда мен сауда инновацияларын ынталандырудың екі функциясын тиімді нығайту қажеттігін айтты. Сонымен бірге, бизнес ортасын оңтайландыруға назар аударып, импортты ілгерілетіп, өндіріске қызмет көрсету мен тұтынуды арттыру, үлгі көрсетіп, жетекшілік ету сынды төрт негізгі рөлді атқару керектігін жеткізді. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото