- Барлық ақпарат
Ауылдық орта мектепте альпинизмге қатысты алғашқы ұлттық жастар командасы құрылды
![]() |
16 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Гуанси өлкесі Машань ауданы Гулин ауылындағы орта мектептің жартасқа өрмелеу залына тау қойнауындағы орта мектеп балаларының әр түрлі жарыстарда алған алтын мен күміс жүлделері керемет тарихи естелік ретінде қойылған. 2018 жылдан бастап негізінен мектеп оқушыларынан тұратын ұлттық жасөспірімдер альпинизм командасы (Masan Group) қалалық немесе одан жоғары деңгейдегі 26 ауқымды альпинизм жарыстарына қатысып, 87 алтын, 80 күміс және 70 қола медальді қанжығаларына байлап, жақсы нәтижелерге қол жеткізді.
Мұндағы балалардың көпшілігі тау қойнауында ержеткендіктен, тауға өрмелеуге бейімді. Мектеп «Альпинизм» оқулығын дайындауды арнайы ұйымдастырған. Белгіленген мұғалімдер әр сыныпқа апта сайын бір сағат альпинизмнен дәріс беріп, тиісті жабдықтарын үздіксіз толықтырып отырады. Осындай тамаша ортада талпынысы мол балалар альпинизмге үлкен қызығушылық танытады.
Мектеп кәсіби альпинизм командасына бірқатар көрнекті спортшыларды дайындап берді. Сонымен бірге тау қойнауындағы балалардың ауылдан шығып, үлкен әлеммен танысуына мүмкіндік береді.
people.cn © People's Daily Online