Әлемдегі ең үлкен кран құрлықтағы аса ірі жел турбинасын сәтті көтерді

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 16 қараша
Әлемдегі ең үлкен кран құрлықтағы аса ірі жел турбинасын сәтті көтерді

16 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 14 қарашада Қытай дербес әзірлеген әлемдегі ең үлкен жүк көтергіш 2600 тонналық XCMG жер үсті краны құрлықтағы аса үлкен жел турбинасын орнатуды ойдағыдай аяқтады.

Шаньдун өлкесі Чаньи қаласы Лютуаньдағы Three Gorges New Energy, XCMG компаниясының 2600 тонналық XCA 2600 жер беті краны 50 мегаватт жел жобасының алаңында жел турбинасын сәтті көтерді. Мұндағы бір компоненттің максималды салмағы 171 тоннаны құрайды. Бұл 100-ден астам тұрмыстық автомобильдің жалпы салмағына тең.

Кранның жүк көтергіштігі 2600 тоннаға жетеді. Көтеру биіктігі 160 метр болатын кран салмағы 173 тонна болатын жүкті көтереді. Бұл жер үсті краны ең жоғары және ең ірі жүк көтеру салмағы бойынша әлемдік рекордты орната алады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото