Си Цзиньпин: Цифрлық экономикалық дамудың нәтижелері әлем халқына пайда әкеледі

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 17 қараша

17 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Жергілікті уақыт бойынша 16 қарашада Индонезияның Бали қаласында G20 көшбасшыларының 17-нші саммиті ашылды. Төраға Си Цзиньпин шараға қатысып, сөз сөйледі.

Цифрлық трансформация мәселесін талқылай отырып, Си Цзиньпин былай деді: «Қазіргі уақытта цифрлық экономиканың кеңеюі және жаһандық цифрлық трансформацияның жеделдеуі әлемдік экономиканың құрылымына әсер ететін маңызды факторға айналды. Соңғы жылдары G20 цифрлық трансформацияға бейімделу мен цифрлық экономиканы дамытуда көптеген консенсусқа қол жеткізіп, анағұрлым көп ынтымақтастық ілгеріледі. Барлық тараптар цифрлық ынтымақтастықтың өміршеңдігін ынталандырып, цифрлық экономикалық дамудың нәтижелері әлем халқына пайда әкеледі деп үміттенемін». 

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото