Шаньдундағы ақылды көкөніс жылыжайы

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 17 қараша

17 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Шаньдун өлкесінің Шоугуан қаласындағы интеллектуалды ауылшаруашылық ғылыми-технологиясы саябағының әйнекті жылыжайын араласаңыз, 20-дан астам сыртқы түрі мен функциялары әртүрлі роботтардың жұмыс істеп жүргенін көресіз. Бұл әр түрлі «нұсқаулар» беретін жабдық-саябақтағы «Сяоцзинь» робот орталығы. Жылыжай 2000-нан астам бақылау зондтары жинаған деректерге сүйене отырып, Сяоцзинь саябақтың нақты ауылшаруашылық жоспарларын ұсынып, интеллектуалды екпелерді жүзеге асырады. Бұл ақылды әйнекті жылыжай голландиялық типтегі жылыжайларды пайдаланудың оңтайлылығы және Шоугуан жылыжайларының жоғары тиімділігі мен энергияны үнемдеу сынды екі артықшылықты біріктіретін 120-дан астам патенттелген технологияны пайдаланады.

«Интеллектуалдық» - Шоугуанның ауылдық жерлерін жандандыру стратегиясын дамытудың маңызды бағыттарының бірі. Сандық температураны бақылау, зерделі буландыру, су мен тыңайтқышты біріктіру сияқты басқару технологияларының Шоугуан жаңадан салынған жылыжайында қолданылу деңгейі 80% - дан асты. Көптеген көкөніс өсірушілер ұялы телефондары арқылы көкөніс өсіре беретін болды.

Елдің «Көкөніс дорбасы» ретінде соңғы жылдары Шоугуан қаласы Қытай Ауыл шаруашылығы университеті сияқты 40-тан астам ғылыми-зерттеу ұйымдарымен ынтымақтасып, ауылшаруашылық саласының «цифрлық формаға» ауысу қадамын тездетті.

 

 

 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото