Қорғас-Орталық Азия автомобиль көрме және сауда орталығы ашылды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 21 қараша
Қорғас-Орталық Азия автомобиль көрме және сауда орталығы ашылды

21 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 21 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 18 қараша күні Қорғас Қытай-Қазақстан Халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығында Қорғас-Орталық Азия автомобиль көрме және сауда орталығының ашылу салтанаты сәтті аяқталды.

Орталық Азия автомобиль көрмесі және сауда орталығы Еркін сауда аймағының кедендік қадағалау саясатына сүйене отырып, «Әуе және жер үсті көпірі» экспорттық режимін пайдаланады. Сөйтіп пайдаланылған көліктердің трансшекаралық экспортында юаньмен есеп жасау саудасын жақсарту, коммерциялық көліктердің бүкіл экспорттық жүйесін жаңартуды жеделдетіп, Қытай мен Қазақстанға, Орталық Азияға автомобильдерді шығару және іскерлік сату ынтымақтастығы платформасын жасады.

Осы жылдан бастап Қорғас портынан экспортталған коммерциялық көліктердің саны тұрақты өсу тенденциясын көрсетті және қазіргі уақытта 30 000-нан асты. Оның ішінде 760-тан астамы «Әуе және жер үсті көпірі» режимінде экспортталды. Орталық Азия автомобиль көрме және сауда орталығының ресми ашылуы Қорғастың отандық және шетелдік жоғары сапалы автомобиль компанияларын Қорғастағы оңтайлы бизнес ортасымен, кең даму платформасымен және тиімді басқару моделімен ынтымақтасуға бастайды. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото