Қорғас портындағы импорттық және экспорттық жүктердің көлемі биылғы жылы ай сайын артып келеді

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 21 қараша
Қорғас портындағы импорттық және экспорттық жүктердің көлемі биылғы жылы ай сайын артып келеді

21 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Тілшілердің Қорғас кеденінен алған мәліметіне сәйкес, қазан айында Қорғас портының импорттық және экспорттық жүктерінің көлемі 3,265 млн тоннаны құрап, сәйкес мезгілмен салысытырғанда 5,4%-ға артты. Импорттық және экспорттық сауданың көлемі 27,2 млрд юаньды құрап, сәйкес кезеңмен салыстырғанда 10%-ға жоғарылады. Биылғы он айда порттың импорттық және экспорттық жүктерінің көлемі мен сауда көлемі өткен жылдың ұсқас мезгілмен салыстырғанда артқан.

Алдыңғы 10 айда Қорғас портының импорттық және экспорттық жүктерінің көлемі 33,727 млн тоннаны, ал сауда көлемі 244,42 млрд юаньды құрап, тиісінше сәйкес мезгілмен салыстырғанда 3,6%-ға және 5,6%-ға ұлғайды. Олардың ішінде экспорттық жүктердің көлемі 4,447 млн тоннаны құрап, ұқсас мезгілмен салыстырғанда 17,5%-ға артты. Импорттық жүктердің көлемі 29,28 млн тоннаға жетіп, сәйкес мезгілмен салыстырғанда 1,8%-ға ұлғайды. Экспорттық сауданың көлемі 157,12 млрд юаньды, ал импорттық сауданың көлемі 87,3 млрд юаньды құрап, сәйкес мезгілмен салыстырғанда 25,2% - ға өсті.

Тауар түрлеріне қарағанда, өткен жылдың қазан айында Қорғас портында импортталатын негізгі тауарлар механикалық және электротехникалық бұйымдар, өңделмеген мыс және мыс материалдар болды. Ал экспортталатын тауарлар жоғары технологиялық тауарлар, киім-кешек және оның материалдарын құрады. Көлік тұрғысынан алғанда, теміржол көлігі әлі де порттардағы импорт пен экспорт үшін негізгі көлік түрі болып табылады. Автокөлік тасымалы биылғы жылы Шыңжаңдағы өту мен іркіліссіздігін қамтамасыз етудің тиісті шараларынан пайдаланып, импорттық және экспорттық сауда көлемі жыл сайын 57,7%-ға өскен. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото