Қытай университеттері гендік инженерия машиналарын жасау байқауында сегізінші рет алтын медаль жеңіп алды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 21 қараша
Қытай университеттері гендік инженерия машиналарын жасау байқауында сегізінші рет алтын медаль жеңіп алды

21 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Францияның Париж қаласында 2022 жылғы халықаралық гендік инженерия машиналарын жобалау байқауының жаһандық финалы шымылдығын жапты.

Бұл жарысқа әлемнің түкпір-түкпірінен 346 команда қатысты. Қытай Ұлттық Ғылым және қорғаныс техникасы университетінің 21 студентінен құралған қатысушы команда жарыста тағы да алтын медальға қол жеткізді. Бұл осы команданың 2014 жылы байқауға қатысқаннан бері сегізінші рет алтын медальді жеңіп алуы.

Халықаралық гендік инженерия машиналарын жобалау байқауы-биология саласындағы университет студенттеріне арналған ең жоғары деңгейдегі халықаралық ғылыми-техникалық байқауы. Қытай Ұлттық Ғылым және қорғаныс техникасы университеті ұсынған жобалар созылмалы стресстен туындаған мазасыздық пен депрессия сияқты әлеуметтік мәселелерге қатысты жаңа шешімдер ұсынды. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото