Елімізде айға адам алып ұшуға арналған зымырандардың жаңа буынын әзірлеу 2030 жылға қарай аяқталады

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 23 қараша
Елімізде айға адам алып ұшуға арналған зымырандардың жаңа буынын әзірлеу 2030 жылға қарай аяқталады

23 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Хайкоуда 2022 жылғы Қытай аэроғарыштық ғылым және технологиялар конференциясы өтті. Журналистердің конференциядан алған мәліметіне сәйкес, біздің елімізде айға адам алып ұшатын зымырандардың жаңа буынын әзірлеу 2030 жылға дейін аяқталады. Ауыр зымыран тасығыштың зеріттеуі де кезеңдік табысқа жетті.

Қытай инженерлік академиясының академигі және аэроғарыштық ғылыми-техникалық топтың бірінші ұзақ жорық зымыран тасығышы бас инженерінің кеңесшісі Лон Лэхао журналистерге берген сұхбатында басқарылатын зымырандардың жебе корпусының жаңа буын диаметрі ұзақ жорық-5 зымыран тасығыш корпусының диаметрімен шамалас екенін айтты. Жетілген зымыран технологияларын жан-жақты қолдану еліміздің айға адам алып ұшу миссиясының қажеттіліктерін қанағаттандыратынын жеткізді.

Сонымен бірге Академик біздің елде де ауыр зымыран тасығышы жасалып жатқанын хабарлады. Оның жебе корпусының диаметрі 10,6 метр және биіктігі шамамен 110 метр. Төмен орбитадағы жүк көтергіштігі 150 тоннадан асады, ал Жер-Ай орбитасындағы жүк көтергіштігі 50 тоннадан асады. Бұл болашақта ең үлкен жүк көтергіштігі бар зымыран болады. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото