Қытайдың Шыңжаңы мен Қазақстан кәсіпкерлерінің екінші ондайн кездесуі өтті

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 24 қараша

24 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 23 қарашада онлайн режимінде Қытайдың Шыңжаңы мен Қазақстан кәсіпкерлерінің қызмет көрсету саудасы бойынша онлайн кездесетін арнайы іс-шарасы өтті. Бұл биылғы осы саладағы екінші іс-шара.

Бұл жолғы онлайн сәйкестіру іс-шарасы тікелей бейнетрансляция түрінде өткізілді және Қытай мен Қазақстаннан 120-дан астам қатысушы компания үш топқа бөлініп, онлайн режимінде қосылды.

Серіктестерді іріктеу іс-шарасында Қытай мен Қазақстаннан келген 32 компанияның өкілдері ынтымақтастыққа тарту үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді зерттеу мен әзірлеуге, анимация дизайнына, ақпараттық технологияларға, мәдени шығармашылыққа, қаржылық қызметтерге, халықаралық медициналық технологияларға, халықаралық логистикаға және қызмет көрсету саудасының басқа да салаларына баса назар аударды.

Автономиялы регионның Сауда министрлігі жауапты тұлғасының айтуынша, кейінгі кезеңде автономиялы регионның Сауда министрлігі Қытайдың Шыңжаңы мен Қазақстан кәсіпкерлерінің бұлттағы серіктестер Іле арнаулы іс-шарасы, Қытай, Шыңжаң—RCEP-ке мүше мемлекеттерге тоқыма және киім-кешек бойынша серіктестердің кездесуі аясында арнайы іс-шара өткізетін болады. Сөйтіп, ынтымақтастық саланы кеңейту және жасанды интеллект, электрондық коммерция, цифрлық қаржы, тоқыма және киім-кешек пен басқа салалардағы қарым-қатынастың жаңа өсу нүктелерін құруға назар аударатын болады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото