Онлайн «Халық Газетінің» тай тілі, малай тілі, грек тілі арналары іске қосылды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 24 қараша

24 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Өзінің аймақтық ауқымын, аудиториясын және мазмұнын үнемі кеңейте отырып, 22 қараша күні онлайн «Халық Газеті» (People's Daily Online) тай тілі, малай тілі және грек тілі арналарын ресми түрде іске қосты.

ҚКП 20-сыншы мемлекеттік құрылтайында «халықаралық коммуникация әлеуетін құруды күшейту, халықаралық коммуникацияның тиімділігін жан-жақты арттыру және еліміздің ұлттық күші мен халықаралық мәртебесіне сәйкес келетін халықаралық сөйлеу құқығын қалыптастыру, өркениеттер алмасуын және өзара үйренуді тереңдетіп, Қытай мәдениетінің әлемге кең таралуын насихаттау керек» деп нақты атап өтілген. Шет тілінде жаңа арнаның іске қосылуы онлайн «Халық Газеті» үшін халықаралық коммуникация әлеуетін нығайтудың маңызды шарасы болып табылады. Үш шет тіліндегі жаңа ашылған арналар тиісті аймақтарға Қытай туралы толық әрі сенімді ақпараттарды таратады. Сөйтіп, онлайн «Халық Газетінің» «көп тілді、көп платформалы、толық медиалы、жаһанданған» халықаралық коммуникация жүйесі үздіксіз нығайып, деңгейі нақты, қызмет өтеуі анық, жаһанды қамтитын коммуникациялық үрдісі біртіндеп кемелдендіріледі.

Үш бірдей арнасы іске қосылғаннан кейін онлайн «Халық Газетінің» ағылшын, француз, орыс, араб, испан, жапон, корей, неміс, португал, суахили, итальян, қазақ (кириллица), тай, малай және грек сияқты 15 шет тілдеріндегі арнасы жұмыс істеді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото