Гуандун өлкесінің Дунгуан қаласында жасалған Катардағы әлем чемпионатының тұмары

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 24 қараша

24 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Катардағы 2022 жылғы футболдан әлем чемпионатының бойтұмары Раиб дәстүрлі Катар костюмдеріне негізделген. Бұл Тұмар Қытайдың Гуандун қаласында жасалған.

Катардағы әлем чемпионатының ұйымдастыру комитетін қажетті бұйымдармен қамтамасыз етуші компаниялардың бірі ретінде Cheche Culture 2022 жылғы Катардағы Раиб әлем чемпионатының бойтұмарын қайталама әзірлеуге, Тұмар ойыншықтарын, бас киімдерді, 3D кристалды салпыншақтарды, қолдан жасалған және басқа да ресми кәдесыйларды әзірлеуге және өндіруге жауапты болды.

Раиб тоқыма ойыншықтарды әзірлеу процесін еске ала отырып, Гуандун Cheche Culture компаниясының жауапты қызметкері Чен Лейган «Техникалық қиындығы жоғары болды. Оның қол, аяғының жоқтығы және майда қыртысты сипаттамалары, сондай-ақ динамикалық стандартты пішіні ойыншықтарды жобалау процесін қиындатты», -деді.

Үлгінің алғашқы нұсқасы 2020 жылы шыққаннан бері Cheche Culture оны үнемі өзгертумен болды. Өзгерістердің 8 нұсқасынан кейін ғана оны ұйымдастыру комитеті мен ФИФА мойындады.

Ақпараттарға сәйкес, Катардың ұлттық бейнесін көрсететін бұл Тұмар белгіні Катар Әмірі Тамим (Мемлекет басшысы) өзі бас болып тексеруден өткізген.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото