Азия зияткерлік меншікке өтінімдердің рекордтық санын алға жылжытуда

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 24 қараша

24 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы жариялаған «Зияткерлік меншіктің әлемдік көрсеткіштері» атты соңғы есеп бойынша, COVID-19 пандемиясынан туындаған экономикалық құлдыраудың салдарына қарамастан, 2021 жылы патенттерге, сауда белгілеріне және үлгілерге зияткерлік меншікке өтінімдердің жаһандық саны әлі де артып жатқаны белгілі болды. Бұл Қытай, Оңтүстік Корея және Үндістан сияқты Азия елдерінен түскен өтінімдер санының жоғарылауымен байланысты екенін көрсетті.

Есепке сәйкес, 2021 жылы әлемдік инноваторлар 3,4 миллион патенттік өтінім берді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,6% - ға өсті. Азиядағы жауапты мекемелер қабылдаған өтінімдер саны әлемдегі өтінімдердің жалпы санының 67,6%-ын құрайды. Олардың ішінде Қытайдан, Оңтүстік Кореядан және Үндістаннан өтінімдер саны сәйкесінше 5,5%, 2,5% және 5,5%-ға өскен.

Есепте жиналған 150-ге жуық ел мен аймақ деректерінің ішінде Қытайдың мемлекеттік зияткерлік меншік басқармасы 2021 жылы 1,59 миллион патенттік өтінімді қабылдап, бірінші орынға шықты. Америка Құрама Штаттары, Жапония, Оңтүстік Корея және Еуропадағы тиісті мекемелер де алдыңғы қатарда.

Сонымен қатар, Қытай тауар белгілері мен өнеркәсіптік үлгілерге тапсырған өтінімдер саны бойынша да әлемде бірінші орында.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото