Шыңжаңдағы Қорғас порты арқылы елге 100 тоннаға жуық Қазақстанның қой жүні кірді

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 25 қараша
Шыңжаңдағы Қорғас порты арқылы елге 100 тоннаға жуық Қазақстанның қой жүні кірді

25 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 23 қарашада Қазақстаннан салмағы 97,7 тонна импортталған қой жүні елге Шыңжаңдағы Қорғас шекарасы арқылы пойызбен кіріп, тоқыма бұйымдарын өндіру және қайта өңдеу үшін Хэбэйдің Хэншуй қаласына жөнелтілді. Бұл 1 қарашада Қытай қант, жүн, жүн жолақтары және басқа да тауарлардың импортына тарифтік квотаның электрондық сертификатын бергеннен бері Шыңжаңдағы кедендік тексеруден өткен алғашқы импорттық тауарлар тобы.

Қорғас Чжундин халықаралық көлік-экспедиторлық компаниясы жауапты тұлғасының айтуынша, осы уақытқа дейін бұл компания 2500 тонна жүн импорттағанын және бұрын үнемі қағаз тарифтік квота сертификаттарын қолданғанын айтты. Енді электронды сертификаттар пайдаланатындықтан, кәсіпорындарды кедендік декларациялау тиімділігі едәуір артып, бұл тауарларды ыңғайлы кедендік ресімдеуге ықпал етеді.

Биылғы жылы Бас кеден басқармасы сыртқы сауданың тұрақтылығы мен сапасына жәрдемдесу, импорттық тарифтер мен квоталарды қағазсыз кедендік ресімдеуге ықпал ету, корпоративтік шығындарды азайту және корпоративтік қиындықтарды жеңілдету бойынша он шара енгізді.  

Мәліметтерге сәйкес, осы жылдың қаңтар-қазан айларында Қорғас порты 4314,8 тонна қой жүнін импорттады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 102%-ға артқан.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото