Сауда министрлігі: өңдеу өнеркәсібінде шетелден қаржыландырылатын бірқатар ауқымды жобалар құрылысты жеделдетті

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 25 қараша

25 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 24-інші қараша Сауда департаменті өткізген кезекті баспасөз мәслихатында Сауда министрлігінің өкілі Шу Цзюэтин соңғы жылдары Қытайдың шетелдік капиталды пайдалану ауқымы тұрақты түрде өсіп, капитал салымдарының құрылымы үнемі оңтайландырылғанын айтты. Көптеген трансұлттық компаниялар еліміздің орасан зор нарық әлеуетіне, тұтас өнеркәсіптік жүйеге, толыққанды инфрақұрылымға және тұрақты әлеуметтік ортаға оптимистік көзқараспен қарайды. Олар Қытайдағы инвестицияларын үнемі арттырып отырды және шетелден қаржыландырылатын бірқатар ауқымды өндірістік жобалар құрылыстарын жеделдетті.

Жақында Қытайдың тиісті ведомстволары бірқатар саясаттарды жариялады, олардың негізгі мақсаты нарыққа бағытталған, заңдастырылған, интернационалдандырылған бизнес ортасын құру және Қытайдағы өндіріске инвестиция салуда трансұлттық компанияларды тиімдірек қолдау болып табылады.

  Олардың ішінде «Бірнеше саяси шаралар» өңдеу өнеркәсібіндегі инвестицияларға бағытталған шетелден қаржыландырылатын өңдеу өнеркәсібін қолдау үшін 15 нақты шараны ұсынады. «Ынталандыру каталогының» жаңа басылымында жиыны 1474 тармақ бар. Бұл 2020 жылғы басылыммен салыстырғанда шамамен 20% - ға өсті және жоғары технологиялық өңдеу өнеркәсібіне қатысты бірқатар жаңа баптар қосылды. Орталық және батыс аймақтардағы, солтүстік-шығыстағы өңдеу өнеркәсібіне инвестициялардың артықшылықтарын одан әрі күшейту үшін Орталық және батыс аймақтардағы басым салалардың каталогы өңдеу өнеркәсібіне қатысты кейбір тармақтарды қосты.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото