Жабдық өнеркәсібіндегі кіріс алғашқы 10 айда айтарлықтай өсті

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 28 қараша

28 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Ұлттық статистика бюросы 27 қарашада жариялаған деректер қаңтар мен қазан айлары аралығында жабдық өнеркәсібінің пайдасы өткен жылғы сәйкес мезгілден 3,2% - ға өскенін, өсу қарқыны қаңтардан қыркүйекке дейін 2,6 пайыздық тармаққа жеделдеп, алты ай қатарынан артқанын көрсетті. Қазан айында бір айдағы пайда 25,9% - ға артып, қарқынды дамуға қол жеткізді.

Жабдық өнеркәсібінің пайдасы айтарлықтай өскендіктен, өнеркәсіптік кәсіпорындардың салалық пайда құрылымы үнемі оңтайландырылды. Қаңтардан қазанға дейін жабдық өнеркәсібінің пайдасы стандартты салалардың 32,2%-ын құрап, қаңтардан ақпанға дейін 7,1 пайыздық тармаққа өсті. Барлық сегіз негізгі жабдық өнеркәсібінің кірісі қаңтардан қыркүйекке дейін үнемі артқан.

Алғашқы 10 айда салалық бөліністе электр машиналары өнеркәсібі жаңа энергетика есебінен дамып, оның пайдасы 29,0% - ға, ал өсу қарқыны 3,7 пайыздық тармаққа артты. Теміржол, кеме, аэроғарыш және көлік жабдықтары саласының пайдасы 13,7% - ға өсті. Ал оның өсу қарқыны 4,2 пайыздық тармаққа жеделдеді. Автокөлікті тұтынуды ынталандыру саясатының тиімділігінен, автомобиль сатылымы тез өсуде. Сөйтіп, бұл саланың пайдасы 0,8% - ға артты. Ал жиынтық пайда биыл алғаш рет төмендеуден өсуге өзгерді. 

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото