Парсы шығанағы елдерінде цифрлық төлемдер қарқынды өсті

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 1 желтоқсан

1 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Сауд Арабиясының орталық банкі жариялаған жаңа зерттеу нәтижесі көрсеткендей, 2021 жылы Сауд Арабиясында қолданылатын цифрлық төлемдердің үлесі 57% - ға жетті, бұл екі жыл бұрынғы 36% - дан асып түседі. Өткен жылы Сауд Арабиясы POS жүйесі арқылы банк карталары бойынша 5,5 миллиард транзакция жасады, бұл екі жыл бұрынғыдан 243%-ға артты, оның 95% - ы байланыссыз транзакциялар (contactless transaction) болды.

Парсы шығанағы елдерінде цифрлық төлемдер тез өсуде. MasterCard Несие картасы ұйымы жүргізген сауалнамаға сәйкес, өткен жылы БАӘ тұрғындарының 88% - ы кем дегенде бір жаңаша төлем әдісін қолданған. Олардың ішінде төлем жасау үшін ұялы телефондарды пайдаланатын адамдардың саны ең көп, ал сауда платформалары іске қосқан «алдымен сатып ал, кейінірек төле» сияқты қызмет көрсету іс-шараларын пайдаланатын адамдар саны екінші орында тұрады.

Парсы шығанағы елдері әдетте цифрлық төлемдер үшін ынталандыруды қолданады. Saudi Vision 2030-да цифрлық трансформация маңызды мақсат ретінде қарастырылады. Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында, Дубайдың әртүрлі салаларындағы қолданыстағы төлем операцияларын қауіпсіз және қолдануға оңай қолма-қол ақшасыз транзакция платформасына біртіндеп аудару үшін арнайы жұмыс тобы құрылды.

Парсы шығанағы елдері цифрлық төлемдер саласындағы халықаралық ынтымақтастықты белсенді түрде жүзеге асыруда. Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы Aber жалпы цифрлық валюта жобасы, Араб валюта қорына мүше мемлекеттер арасындағы көп валюталық операцияларды қолдайтын Buna төлем платформасы және Парсы шығанағы елдерінің нақты уақыттағы жалпы есеп айырысу жүйесін байланыстыратын AFAQ жүйесі елдер арасындағы цифрлық төлемдерді қолдайды.

Қытай Парсы шығанағы елдерінде цифрлық төлемдердің қарқынды дамуына ықпал етуде маңызды рөл атқарды, екі тарап арасындағы цифрлық ынтымақтастық үнемі нығайып отырды. Қытайлық технологиялық компаниялар «Цифрлық Жібек жолын» бірлесіп салу үшін Парсы шығанағы елдерінің цифрлық құрылысына белсенді қатысты.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото