Тәжікстанда Лубань шеберханасы ресми ашылды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 1 желтоқсан

1 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- 29 қарашада Тәжікстандағы Лубань шеберханасын іске қосу рәсімі Тяньцзинь қалалық құрылысты басқару кәсіптік-техникалық колледжінде және Тәжік техникалық университетінде бір уақытта өтті.

Тяньцзинь қалалық партия комитетінің Білім және өнеркәсіп комитетінің хатшысы Ван Сю өз сөзінде Тәжікстандағы Любань шеберханасы еліміздің Орталық Азияда салған алғашқы Любань шеберханасы екенін айтты. Оның іске қосылуы Қытай мен Тәжікстан арасындағы достық ынтымақтастыққа және «Бір белдеу, бір жолдың» сапалы дамуына ықпал етеді.

Осы жылдың наурыз айында Тяньцзинь қалалық құрылысты басқару кәсіптік-техникалық колледжі мен Тәжік техникалық университеті ынтымақтастық туралы келісімге онлайн қол қойған болатын. Тяньцзинь қалалық құрылысты басқару кәсіптік-техникалық колледжі Лубань шеберханасын салуды жүзеге асыру үшін Тәжік техникалық университетіне үш топ қызметкер жіберді.

Шебарханананың құрылыс алаңы 1138 шаршы метрді құрайды. Тәжікстандағы Лубань шебарханасының ынтымақтастығының негізгі бағыттары қалалық жылу энергетикасы және инженерлік тексерулер, бұлар жергілікті экономикалық және әлеуметтік даму үшін техникалық дарындыларды шұғыл талап етілетін салалар болып табылады.

Шеберханада жасыл энергетика оқыту орталығы, интеллектуалды тексеру және картаға түсіру Оқыту орталығы сынды теория мен практиканы біріктіретін Оқыту бағыты бар.

Екі мектептің ұстаздар командалары оқу бағдарламалары мен озық оқу құралдарын әзірлеуде тәжірибе алмасудан басқа, кәсіби стандарттарды құру үшін екі тілде оқыту материалдары мен оқу ресурстарын бірлесіп әзірледі.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото