- Барлық ақпарат
Ланьчжоу-Шыңжаң теміржолының Жың-Алашанькоу бөлігіндегі қосымша құрылыстың екінші желісі басталды
![]() |
1 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай мемлекеттік теміржол корпорациясынан алған мәліметке сәйкес, 30 қарашада батыс шекарадағы теміржол желісінің жұмысын одан әрі оңтайландыру үшін, Ланьчжоу-Шыңжаң теміржолының Жың-Алашанькоу бөлігіндегі екінші желі құрылысының басталғаны белгілі болды.
Ланьчжоу-Шыңжаң теміржолының Жың-Алашанькоу учаскесінің екінші желісін салу жобасы Шыңжаң Ұйғыр автономиялық регионының Бұратала Моңғол автономиялық облысы аумағында орналасқан. Жол Ланьчжоу-Шыңжаң теміржолының Жың станциясынан басталып, Жың ауданы, Бұратала қаласы және Алашанькоу қаласын басып өтіп, еліміздегі бірінші топтағы Алашанькоу шекара станциясына кіреді. Бұл жалпы ұзындығы 70 шақырым, жылдамдығы сағатына 120 шақырым болатын, құрылыс мерзімі 2 жылдық I дәрежелі ұлттық электрлендірілген теміржол.
people.cn © People's Daily Online