Мал шаруашылығы саласының суық ауа райына төтеп беруі үшін Ауыл шаруашылығы және ауылдық істер министрлігі 5 шара ұсынды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 2 желтоқсан

2 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Тілшінің ауыл шаруашылығы және ауылдық істер министрлігінен алған ақпаратына сәйкес, жақында қатты суық ауаның әсерінен елімізде солтүстіктен оңтүстікке қарай кең ауқымды салқын ағыс жүрді. Суық ауа-райына төтеп беру және мал мен құстың қыста қауіпсіз болуын қамтамасыз ету үшін Ауыл шаруашылығы және ауылдық істер министрлігінің Мал шаруашылығы және ветеринария бюросы мамандарды ұйымдастырып, «суық ауа райы мен қарлы боранға қарсы мал шаруашылығына бағытталған техникалық нұсқаулар мен ұсыныстарды» жариялады.

Мал қораларын нығайту және жөндеу, жылуды жақсартып, аяздан сақтану, баптау шараларын күшейту, жем-шөп қорын және жем-шөп сатуды арттыру, жануарлар арасындағы эпидемияның алдын алу бойынша жұмыстарды ойдағыдай атқару үшін өндірісті басқарудың бес шарасын ұсынды. 

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото