Алғашқы 10 айда еліміздің қызмет көрсету импорты мен экспортының жалпы көлемі сәйкес мезгілмен салыстырғанда 17,2%-ға өсті

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 2 желтоқсан

2 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Сауда министрлігі 1 қаңтарда жариялаған мәліметтерге сәйкес, осы жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында Қытайдағы қызмет көрсету импорты мен экспортының жалпы көлемі 4918,55 миллиард юаньды құрап, сәйкес мезгілмен салыстырғанда 17,2% - ға өскен.

Деректер көрсеткендей, қаңтардан қазанға дейін Қытай қызмет көрсету экспорты 2358,15 миллиард юаньды құрап, өткен жылдың осы кезімен салыстырғанда 18,1%-ға өсті. Импорт 2560,4 миллиард юаньды құрап, сәйкес мезгілмен салыстырғанда 16,4%-ға артты. Негізінен мынадай ерекшеліктерге ие:

Ғылымды қажет ететін қызметтердің саудасы тұрақты өсуде. Қаңтардан қазанға дейін Қытайдағы ғылымды қажетсінетін қызметтердің импорты мен экспорты 2 047,8 млрд юаньды құрап, сәйкес мезгілмен салыстырғанда 10,3%-ға өсті. Олардың ішінде ғылыми сала қызметтерінің экспорты 1149,92 миллиард юаньды құрап, сәйкес мезгілмен салыстырғанда 14,3%-ға жоғарылады. Экспорттық сұраныс артып тұрған салалар зияткерлік меншік, телекоммуникация, компьютерлер және ақпараттық қызметтер болды. Олар өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда сәйкесінше 17,3% және 16,3%-ға өсті. Ғылымды қажет ететін қызметтер 897,88 миллиард юань импорттап, сәйкес мезгілмен салыстырғанда 5,6%-ға ұлғайды. Импорттың ең жылдам өсімін 57,1% өсу қарқынымен сақтандыру қызметтері иеленді.

Туристік қызметтердің импорты мен экспорты жалғасуда. Қаңтардан қазанға дейін Қытайдағы туристік қызметтердің импорты мен экспорты 689,06 миллиард юаньды құрап, жыл сайын 9,1%-ға өскен. Туристік қызметтерді есепке алмағанда, қаңтардан қазанға дейін Қытайдың қызмет көрсетуінің импорты мен экспорты сәйкес мезгілмен салыстырғанда 18,6%-ға артып, 2019 жылдың аталмыш кезеңімен салыстырғанда 51,7%-ға жоғарылаған.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото