Алматы қаласында студенттер Абай өлеңдерін қытай-қазақ тілінде оқудың конкурсын сәтті өткізді

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 9 желтоқсан

9 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанының 30 жылдығын атап өту үшін Қазақстандағы Абылайхан атындағы Халықаралық қатынастар және шетел тілі университетінің Конфуций Институты мен Шығыстану кафедрасы бірлесіп «Ұлы тұлғаның өлеңдерін оқып, болашаққа бірге беттеу» тақырыбымен Алматы студенттері арасында 4-інші «Абай өлеңдерін қытай-қазақ тілінде мәнерлеп оқу сайысын» ұйымдастырды.

Қытайдың Алматыдағы Бас консулы Цзян Вэй өз сөзінде Абай Құнанбаевтың ұлы ақын және ойшыл екенін, оның терең философиялық әдеби шығармалары бүкіл адамзаттың рухани байлығы екенін атап өтті. Қытай мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынастар орнаған сәттен бастап екі ел Жібек жолындағы мыңжылдық қатынастарды жалғастырып, гуманитарлық саладағы алмасулар мен ынтымақтастықты ұдайы тереңдетіп келеді. Абай тақырыбы, әрине, екі халықтың түсіністіктерін тереңдетуге және достыққа мұрагерлік етуге көмектесетін маңызды мәдени көпір болып табылады.

Абылайхан атындағы Халықаралық қатынастар және шетел тілі университетінің ректоры Сәлима Сағиқызы (Тек университет ректоры туралы мәлімет ғана бар. Құнанбаева Сәлима Сағиқызы)

Абай Құнанбаевтың шығармасы бүкіл әлемге танымал екенін атап өтті. Студенттер қытай тілін қолдану дағдыларын көрсете отырып, Абайдың қарасөздері мен өлеңдерін қытай тілінде оқыды.

Байқау барысында байқауға қатысушылар Абайдың қарасөздері мен өлеңдерін Қытай және қазақ тілдерінде тебіреніспен оқыды. Кейбір байқауға қатысушылар Абай өлеңдеріндегі философиялық толғанысты және терең ойды жеткізу үшін ән шырқады немесе орындаушылық шеберлік сияқты тәсілдерді қолданды. Бұл көрермендер мен төрешілерге ерекше әсер етті. Қызу бәсекелестіктен кейін Абылайхан атындағы Халықаралық қатынастар және шетел тілі университетінің студенті Айман бас жүлдені жеңіп алды.

Жабылу салтанатында Конфуций институтының Қытай тарапы деканы Ши Лунвэй осы жарыс арқылы қатысушылар қытай тілін үйрену нәтижелерімен алмасып, достықтарын нығайтқанын атап өтті. «Студенттер екі елдің мәдени классикасын тереңірек зерттей береді деп үміттенемін. Алдыңғы буынның идеяларын жетекші етіп, Қытай мен Қазақстан халықтары арасындағы дәстүрлі достықтың үздіксіз дамуына ықпал етейік»,-деді ол. 

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото