2022 Шэньчжэнь Жаһандық инвестициялық конференциясы ашылды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 12 желтоқсан
2022 Шэньчжэнь Жаһандық инвестициялық конференциясы ашылды

12 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- 9 желтоқсанда Шэньчжэньде 2022 Шэньчжэнь Жаһандық инвестициялық конференция өтті. Конференцияда жалпы инвестициясы 879 миллиард юань болатын 315 қол қойылатын жоба талқыланды.

Конференция алаңында барлығы 48 жобаға қол қойылды, олар Amazon, Intel, Hexagon, Brusa, Maersk сияқты электрондық ақпараттың жаңа буынын, цифрлық технологиялар мен сәнді, экологиялық таза және төмен көміртегі шығарындыларын, биомедицина мен денсаулық сақтауды, теңіз өнеркәсібін, заманауи қызмет көрсету саласын, қаржы индустриясын және т. б. кең өрісті салаларды қамтиды.

Конференция 1 негізгі іс-шараны, 12 өңірлік инвестициялық конференцияны, көп мәрте шетелдік қосалқы конференцияларды және өнеркәсіптік (салалық) инвестициялық іс-шараларды ұйымдастырды. Аймақық көлем бойынша Шэньчжэньнің 12 аумағын және бес құрлықтағы Нью-Йорк, Детройт, Париж және т.б. 16 қаланы қамтиды; Салалық көлем бойынша «20+8» өнеркәсіптік кластерлеріне және заманауи қызмет көрсету салаларына бағытталып, Шэньчжэньда негізгі дамыған басты өнеркәсіптік салаларды көрсетуге назар аударылды.

Бұл конференцияда PricewaterhouseCoopers және Қытайдың дамуды зерттеу қоры сияқты үшінші тарап ұйымдары Шэньчжэньді әлемге «мүмкіндіктер қаласы» ретінде насихаттады, «Шэньчжэньге инвестиция салып, жарқын болашаққа ұмтылу» туралы шақыру жариялады.

PricewaterhouseCoopers-тың Қытайдағы экономикалық басқарушы серіктесі Чжан Лицзюнь 40 жылдан астам дамудан кейін Шэньчжэнь бүкіл әлем бойынша 4000-нан астам арнайы экономикалық аймақтар арасында «табысты модель» болғанын, «Шэньчжэнь кереметін» құрып, ашық және инновациялық белсенді нарықты қалыптастырғанын айтты. «Қазіргі уақытта Шэньчжэнь дамудың тарихи мүмкіндіктерін қарсы алуда, Қытайға инвестиция салатын шетелдік кәсіпорындар үшін таптырмас таңдау»,-деді ол.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото