Есеп: Қытай биыл 20 миллионнан астам туристерді қабылдайды деп күтілуде

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 14 желтоқсан
Есеп: Қытай биыл 20 миллионнан астам туристерді қабылдайды деп күтілуде

14 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- 2022 жылы Қытайда туризмді ұйымдастыруды дамыту жөніндегі Форум 11-12 желтоқсан аралығында өтті. Форум барысында жарияланған «Қытайға келу туризмін дамыту туралы жылдық Есепте (2022-2023)» 2022 жылы Қытай 20 миллионнан астам саяхатшыларды қабылдайды деп күтілуде.

Есепте жыл басынан бастап көптеген елдер мен аймақтар халықаралық саяхатқа шектеулерді алып тастады немесе одан әрі жеңілдетті. Халықаралық сапарларға сұраныс тиімді түрде жүзеге асырылып, халықаралық туризм индустриясы жедел қалпына келу үрдісін көрсетті. Осыған байланысты Қытайға саяхаттауды қалпына келтіру үшін саяси жеңілдіктер біртіндеп атқарыла бастады.

Есепте Қытай 2022 жылы 20 миллионнан астам туристерді қабылдайды деп болжануда. Болашақта кіру визалары мен карантин саясатын жеңілдетуге әлі де мүмкіндіктер бар және көптеген халықаралық ұшақ рейстері қалпына келтірілуде. 2022 жылы сыртқы туризм нарығы қалпына келетін жыл болады деп күтілетіндігі айтылған.  

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото