Шыңжаң Үкіметінің экономикалық және сауда делегациясы Қазақстанның Жетісу облысымен бизнес-форум өткізді

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 15 желтоқсан
Шыңжаң Үкіметінің экономикалық және сауда делегациясы Қазақстанның Жетісу облысымен бизнес-форум өткізді

15 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- 13 желтоқсанда Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономиялық регионы Халық үкіметінің экономикалық және сауда делегациясы өзінің алғашқы аялдамасы - Қазақстанның Жетісу облысына жетті. Қытай мен Қазақстан бірлесіп өзара тиімді ынтымақтастық мәселелері бойынша терең пікір алмасу үшін бизнес-форум өткізді. Шыңжаң Ұйғыр автономиялық регионы Халық үкіметі төрағасының орынбасары Сунь Хунмэй және Қазақстан Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев форумға тең төрағалық етті.

Форум барысында екі тарап алдағы уақытта да Қорғас Қытай-Қазақстан Халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығының ашық платформасы рөлін атқаратынына уағдаласты және ынтымақтастық орталығының жергілікті билік органдарының үйлестіру тетігі мен қолдау саясатын белсенді құруды талқылады.

Екі тарап екі елдің мемлекет басшылары қол жеткізген маңызды консенсусты іске асыратындықтарын, «Бір белдеу, бір жол» бастамасын бірлесіп құрудың орайын берік меңгеріп, тығыз экономикалық және сауда алмасулары, тоқыма және киім, жаңа құрылыс материалдары, машиналар мен жабдықтар, заманауи ауыл шаруашылығы мен жасыл цифрлық инновациялар салаларында ынтымақтасуды жалғастыратынын айтты. Сонымен бірге білім, ғылым, техника және туризм салаларын кеңейту де назарға алынды. Екі тарап Достық қалалық ынтымақтастық қорытындысының мазмұнын белсенді түрде тереңдететін болды.

Форумға қатысушылар порт транзитінің тиімділігін арттыру, ірі халықаралық логистикалық арналарды жүйелі жүргізу, экономикалық және сауда инвестициялық ынтымақтастықты прагматикалық ілгерілету, өндірістік қуат саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту, ашық ынтымақтастықтың екіжақты және көпжақты тетіктерін байыту, мәдени алмасулар мен өзара байланысты тереңдету мәселелері бойынша сындарлы талқылаулар өткізіп, бірқатар консенсусқа қол жеткізді.

Қазақстан тарапы Шыңжаң делегациясы мен Қытай қаржыландыратын кәсіпорындарға «Қорғас- Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағының құрылысы секілді өнеркәсіптік жобаларды ұсынды.

Форум барысында Xinjiang TBEA Electric Co., Ltd. қазақстандық кәсіпорындар ынтымақтастық жобаларына қол қою рәсімін өткізді.

2022 жылы Қытай мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толды. 2023 жылы Төраға Си Цзиньпиннің Қазақстанға сапары кезінде ортаға қойған «Жібек жолының экономикалық белдеуін» құру жөніндегі бастаманың он жылдығы болады. Шыңжаң мен Қазақстан дәстүрлі маңызды экономикалық және сауда серіктестері болып табылады. Осы жылдан бастап екі тарап та эпидемияның қолайсыз салдарын жеңіп, екіжақты сауданың қалпына келуіне қол жеткізді. Қаңтар-қазан айлары аралығында Шыңжаң мен Қазақстан арасындағы сауда көлемі 10 миллиард АҚШ долларынан асып, Шыңжаңның жалпы сыртқы сауда көлемінің 34,2%-ын және Қытай мен Қазақстанның жалпы сауда көлемінің 39,3%-ын құрады. Мұнай-химия, құрылыс материалдары және инфрақұрылымдық құрылыс саласындағы бірқатар жобалар терең ынтымақтастықты жолға қойып, жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Шыңжаң Үкіметінің экономикалық және сауда делегациясы мен сауда жұмыс тобы автономиялық регионның тиісті департаменттерінен және негізгі кәсіпорындардан тұрады. Бұл эпидемиядан кейін Шыңжаңнан барған алғашқы үкіметтік экономикалық және сауда делегациясы ынтымақтастықтың әлеуетін одан әрі зерделеу үшін тиісті ұлттық үкіметтік ведомстволармен, өңірлермен және кәсіпорындармен диалогтар, пікір алмасуларды белсенді жүргізуді мақсат етеді. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото