Beidou GPS-тан асып отандық навигация мен позициялауда басым орынды иеленді

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 15 желтоқсан
Beidou GPS-тан асып отандық навигация мен позициялауда басым орынды иеленді

15 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Қытайдың спутниктік навигация жүйесі басқармасы берген мәліметке сәйкес, осы жылдың қарашадағы жағдайы бойынша азаматтық навигация үшін Beidou спутниктерін орташа тәуліктік пайдалану көрсеткіші 210 миллиард есептен асқан.

Деректер әрбір орналасу үшін навигация арқылы шақырылатын спутниктердің орташа саны бойынша Beidou спутниктері екінші дәрежелі GPS-тен 30%-ға жоғары және отандық навигациялық қолданбалар мен позицияларда толық басым орынды иеленіп, GPS-тен асып түскенін көрсетті.

Мәліметтерге сәйкес, Beidou спутниктік жүйесі – еліміз дербес құрып, басқаратын спутниктік навигациялық жүйе. Әрі әлем бойынша қолданушылар үшін позициялау, навигация және синхрондау қызметтерін ұсынатын маңызды Ұлттық ғарыштық инфрақұрылым.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото