- Барлық ақпарат
Шыңжаңның импорты мен экспорты алғашқы 11 айда өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 59,8%-ға артты
19 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Есептерге сәйкес, алғашқы 11 айда Шыңжаңның Орталық Азияның бес еліне импорты мен экспорты 166,9 млрд юаньды құрап, 67%-ға өсті. «Бір белдеу, бір жол» бойындағы елдерге импорт пен экспорт 198,62 млрд юаньды құрап, кіріс 65,9%-ға жоғарылады. Оның ішінде Қырғызстан, Қазақстан және Пәкістан бойынша сәйкесінше 166,3%-ға, 20%-ға және 209,9%-ға артты. RCEP елдеріне импорт пен экспорт 8,8%-ға көбейген, ал АСЕАН-ға импорт пен экспорт 16,5%-ға өсті.
Биылғы жылдың алғашқы 11 айында Шыңжаңдағы Қашқар, Қорғас, Алашанькоу және Үрімжі еркін сауданың төрт кешенді аймағының импорты мен экспортының жалпы көлемі 71,48 млрд юаньды құрап, 494,9%-ға ұлғайып, бұл 32,6%-ды құрады.
Алғашқы 11 айда еңбекті көп қажет ететін өнімдердің көлемі негізінен тоқыма және киім экспорты сәйкес мезгілмен салыстырғанда 79,4%-ға артты. Механикалық және электротехникалық өнімдердің экспорты сәйкес мезгілмен салыстырғанда 76,3%-ға өсті. Ауылшаруашылық техникаларының экспорты сәйкес мезгілмен салыстырғанда 230,9%-ға ұлғайды. Литий-ионды аккумуляторлар, электрлік басқарылатын көліктер және күн батареяларының экспорты сәйкес мезгілмен салыстырғанда тиісінше 571,3%, 15,3 есе және 541% жоғарылады.
people.cn © People's Daily Online