ARJ21 отандық реактивті аймақтық әуе лайнері алғаш рет шетелге жеткізілді

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 19 желтоқсан

19 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Тілшінің COMAC-тан алған ақпаратына сәйкес, Қытайдың толық тәуелсіз зияткерлік меншік құқығы бар ARJ21 аймақтық реактивті лайнері 18 желтоқсанда алғашқы шетелдік тапсырыс беруші индонезиялық TransNusa-ға ресми түрде табыс етілді. Бұл отандық реактивті лайнердің шетелдік нарыққа алғашқы шығуын білдіреді.

ARJ21 ұшағы шағын және орта қашықтықтағы аймақтық турбофан, 2225-тен 3700 шақырымға дейінгі аралықта үзбей ұша алады. Лайнер негізінен орталық қалалар мен іргелес шағын және орташа қалалар арасындағы радиалды маршруттар үшін қолданылады. Лайнер жоғары температурада жақсы өнімділікке, желге төзімділікке және түнгі жеткізілім рентабельділігіне ие. Бұл модельдің 100-ге жуық ұшағы табыс етіліп, 300-ден астам маршрут ашылды. 100-ден астам қаланың арасы жалғасып, 5,6 миллионнан астам жолаушы қауіпсіз тасымалданды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото