«Бір белдеу, бір жол» баспасөз ынтымақтастығы альянсының екінші кеңес отырысы өтті

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 20 желтоқсан

20 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- 19 желтоқсанда Бейжіңде «Бір белдеу, бір жол» баспасөз саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Альянс кеңесінің екінші отырысы өтті. Қытай Коммунистік партиясы Орталық Комитеті Саяси Бюросының мүшесі және Орталық үгіт-насихат басқармасы министрі Ли Шулэй бейнебайланыс арқылы жиналысқа қатысып, сөз сөйледі.

Ли Шулэй «Бір белдеу, бір жол» баспасөз ынтымақтастығы Альянсы Төраға Си Цзиньпиннің бастамасымен құрылған медиа ұйым екенін атап өтті. Бұқаралық ақпарат құралдары қоғамдық пікірді қалыптастыруда, көпшіліктің санасына әсер етуде және халықпен қарым-қатынаста маңызды күш болып табылады. «Бір белдеу, бір жол» жоғары сапалы дамуда жаңа тарау жазу үшін әлемнің түкпір-түкпірінен келген БАҚ бірлік пен ынтымақтастықты ұстанып, Жібек жолы рухын ілгерілетуге жаңа үлес қосуы керек; Даму басымдығын ұстанып, Жібек жолы туралы нәтижелі бастамаларды айтуда жаңа жетістіктерді көрсете білу қажет; жүректер тоғысуын ұстанып, Жібек жолында достықты нығайтуда жаңа табысқа қол жеткізуі тиіс.

Жиналысқа 23 елден 38 басқарушы ұйымның өкілдері онлайн және офлайн режимінде қатысты. Кездесуде «Жэньминь жибао» төрағалық бөлімшесі бірінші кеңестің жұмысы туралы баяндама жасады. Ал басқарушы бөлімшелердің өкілдері «Бір белдеу, бір жол» Ақпараттық ынтымақтастық Альянсының рөлін қалай тиімді пайдалану туралы, мәдени алмасулар мен жүректер тоғысы жөнінде өз пікірлері мен ұсыныстарын білдірді. Конференцияда «Жібек жолы» бірінші халықаралық коммуникациялық сыйлығының қорытынды бағалауы өткізілді. «Қазақстан және «Бір белдеу, бір жол» бастамасы: Жол қайда апарады» сияқты 19 шығарма марапаттарға ие болды. Пәкістандағы «Жібек жолы Достары» клубының басшысы және Пәкістан-Қытай қоғамының төрағасы Мушахид Хусейн Саид ерекше үлесі үшін марапатқа ие болды.

2019 жылдың сәуір айында «Бір белдеу, бір жол» баспасөз саласындағы ынтымақтастық Альянсы кеңестің алғашқы отырысын өткізді. Үш жылдан астам уақыт бойы альянс Жібек жолы рухын насихаттады, байланыс пен ынтымақтастықты нығайтты, «Бір белдеу, бір жол» тарихын белсенді түрде жеткізді. «Бір белдеу, бір жолды» бірлесіп салу үшін қолайлы қоғамдық пікір атмосферасын құрды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото