“China Southern Airlines” Алматы мен Сиань арасында әуе рейстерін ашады

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 21 желтоқсан
“China Southern Airlines” Алматы мен Сиань арасында әуе рейстерін ашады

Халықаралық қатынасты одан әрі жаңарту және ашу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс шеңберінде ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Қытай Халық Республикасының авиациялық билік орындарымен бірлесіп қытай тарапының жиіліктер саны мен тағайындалған пункттері бойынша шектеулерін ескере отырып, Қазақстан мен Қытай арасындағы тұрақты жолаушылар рейстерін ұлғайту мәселесін пысықтады, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Ағымдағы жылдың 23 желтоқсанынан бастап "China Southern Airlines" әуекомпаниясы Алматы – Сиань бағыты бойынша жұма күндері аптасына 1 рейс жиілігімен Б-738 үлгісіндегі әуе кемелерінде тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды бастауды жоспарлап отыр.

Бұл рейстің ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықтың дамуына оң әсер етеді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото