Қытайдағы екі көркем ауыл «әлемдегі ең жақсы туристік ауыл» ретінде таңдалды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 21 желтоқсан

21 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- 20 желтоқсан күні БҰҰ Дүниежүзілік туристік ұйымы 2022 жылы «ең жақсы туристік ауыл» тізімін жариялады. Бұл тізімге Қытайдың Гуансидегі Дачжай ауылы және Чунциндегі Цзинчжу ауылы кірді.

Дачжай ауылы Гуанси-Чжуан автономиялық регионы Гуилинь қаласы Лонгшен Гэ автономиялық ауданында орналасқан. Дачжай ауылы сатылы атыз, дәстүрлі Яо мәдениеті және табиғи ландшафттарды толық пайдаланып, ауыл туризмін дамытып, бірқатар тамаша сатылы атыздар көрінісін қалыптастырды. Сөйтіп Яо мәдениетін туризм экологиясына айналдырды.

Цзинчжу ауылы Чунцин қаласының Улон аумағы Сяньшань көшесінде орналасқан. Бұл ауыл бірегей географиялық және мәдени ортаға негізделген өмір салты мен архитектуралық ерекшеліктерін сақтап қана қоймай, қоғамдық мәдени кеңістіктерді қалпына келтіру үшін заманауи шығармашылықты енгізіп, ауылдың дәстүрлі мәдениетін бейнелеу және ілгерілету үшін жергілікті керамикалық плиткаларды, ағаштарды және сыланған жер қабырғаларын пайдаланды. Осылайша байырғы ауылға керемет өміршеңдік күш берді.

БҰҰ Дүниежүзілік туристік ұйымының «ең жақсы туристік ауылды» таңдауы 2021 жылы басталды. 2022 жылы сайлауға қатысу үшін 57 елден барлығы 136 үміткер ауыл таңдалды. Нәтижесінде 32 ауыл соңғы мәреге жетіп жеңімпаз атанды. Қытай үміткерлер саны бойынша Азия-Тынық мұхиты аймағында бірінші орынға ие болды. Чжэцзяндағағы Юйцунь ауылы мен Аньхойдағы Сиди ауылын қосқанда, еліміздегі төрт ауыл БҰҰ Дүниежүзілік туристік ұйымының «ең жақсы туристік ауыл» тізіміне енді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото