Қытайдың барлық аймағында жұмыс пен өндірісті қалпына келтіру жеделдетілді

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 23 желтоқсан

23 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Эпидемияның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі шараларды түзету мен оңтайландыруға байланысты желтоқсаннан бастап барлық өңірлер экономиканы тұрақтандыру мен дамытуға жәрдемдесу, сондай-ақ жұмыс пен өндірісті қайта бастауға көмектесу үшін жан-жақты күш-жігер жұмсады.

Адамдар барыс-келіс жасап, іскерлік белсенділік біртіндеп қайта жанданды. Жақында ұлттық теміржол, азаматтық авиациялар жолаушылар тасымалының арту тенденциясын көрсетті.

Қазіргі уақытта Цзянсу, Чжэцзян, Сычуань, Гуандун, Фудзянь, Шандун, Цзилинь және басқа да өлкелер мен қалалар іскерлік келіссөздер жүргізу үшін шетелге шығып, жемісті нәтижеге қол жеткізуде.

«Кәсіпорын жылдам алға жылжыды»

Бүкіл елдегі зауыттар мен кәсіпорындар эпидемияның алдын алу және онымен күресу аясында барлық күш-жігерлерімен өндірісті тездетіп, тапсырыстарды алуға асығуда.

Guangdong Huaxun Taste Decoration Group бас менеджері Зен Лифудың айтуынша, төртінші тоқсаннан бастап тапсырыстар күрт өскен. Қазіргі уақытта тапсырыстардың өндірісі келесі жылдың сәуіріне дейін жоспарланып қойған. «Зауыт толығымен іске қосылып, ал сатылым өткен жылмен салыстырғанда шамамен 40%-ға өсті».

Саяси қолдау

2022 жылғы талпыныс бойынша, Орталық үкіметтен жергілікті аймаққа дейін экономиканы қалпына келтіру және ынталандыруға, сондай-ақ табысты жыл үшін күресте сенімділікті арттыруға бағытталған бірқатар саяси шаралар белсенді түрде енгізілді.

Биыл еліміз тарихтағы ең ауқымды қосылған құн салығын қайтару саясатын енгізді. Оның жалпы сомасы шамамен 2,4 трлн юань болды. Жыл сайынғы жаңа салықтар мен алымдарды қысқарту, сондай-ақ салықты қайтару 4 трлн юаньнан асады деп күтілуде. Бұл нақты экономикалық дамуға аса ықпал етті.

Аньхой өлкесінің Сусон ауданында үкіметтік бөлімдер жергілікті кәсіпорындарға қызмет көрсету бойынша бірқатар бастамалар енгізді. Олар: жұмыс күшінің ақпараттық базасын құру, кәсіпкерлікке үйретуді ұйымдастыру және салаларға жоғары білікті мамандарды тарту сияқты шаралар.

Қоғамның қалыпты тұрмысын жедел қалпына келтіру және экономиканың тұрақты дамуын тездету барлық аймақта ең өзекті міндетке айналды. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото