Қытай-Қазақстан дәстүрлі медицина орталығының Алматы филиалы ресми түрде ашылды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 26 желтоқсан
Қытай-Қазақстан дәстүрлі медицина орталығының Алматы филиалы ресми түрде ашылды

26 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- 22 желтоқсанда Қытай—Қазақстан дәстүрлі медицина орталығының Алматы филиалы ашылу салтанатын өткізді. Қытайдың Алматыдағы Бас консулдығының бас консул орынбасары Чжун Хуа шараға шақырылып, орталықты Шэньси өлкесінің дәстүрлі қытай медицинасы басқармасы делегациясының, Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының, медициналық сақтандыру қорының және басқа да мекемелердің өкілдерімен бірлесіп ашты.

Осы жылдың қыркүйек айында Шэньси өлкесінің дәстүрлі қытай медицинасы ауруханасы, Сиань дәстүрлі қытай медицинасы энцефалопатиясы ауруханасы және Қазақстандағы Астана медицина университетінің дәстүрлі медицина орталығы Сианьда Қытай-Қазақстан дәстүрлі медицина орталығын құру туралы ынтымақтастық келісімге қол қойған болатын. Медицина орталығы келісімге сәйкес Қазақстанның бас қаласы Астанада орналасқан. Ал Қазақстанның ең үлкен қаласы-Алматыда клиникалық аурухана филиалы бар. Ол негізінен дәстүрлі қытай медицинасының диагностикасы бойынша емдеумен, оңалтумен, болашақ мамандарды оқытумен, академиялық алмасулармен және басқа да қызмет түрлерімен айналысады. Орталық дамуының алдағы мақсаты емдеу, алдын алу және оңалту шараларын біріктіретін кешенді медициналық мекеме құру болып табылады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото