Қытай мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынастар орнаған 30 жыл ішіндегі ынтымақтастықтың жемісті нәтижелері

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 26 желтоқсан

26 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынастар орнаған 30 жыл ішіндегі ынтымақтастық жемісті нәтижелер берді. Оларды төмендегідей бірнеше жақтан жинақтауға болады.

Біріншіден, Қытай - Қазақстанның екінші ірі сауда серіктесі

Қытай Қазақстанның екінші ірі сауда серіктесі болып табылады. Қытай мен Қазақстан арасындағы сауда көлемі 2021 жылы 25,2 миллиард АҚШ долларына жетті.

Қазіргі уақытта Қытай Қазақстандағы инвестициялардың көлемі бойынша төртінші орында. Екі тарап бірлесіп Қытай - Орталық Азия газ құбыры және Қытай-Қазақстан мұнай құбыры сияқты бірқатар стратегиялық ауқымды жобаларды іске асырып, Орталық Азия елдерінің экономикалық және әлеуметтік дамуына қуатты серпін берді.

Екіншіден, соңғы 30 жылда ауылшаруашылық өнімдерінің сауда ауқымы ұлғайды

2021 жылы Қазақстан Қытай мен Орталық Азияның бес елі арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің саудасында бірінші орынды иеленіп, жалпы сауда көлемі 574 миллион АҚШ долларына жетіп, көрсеткіш 53%-ды құрады. Ауыл шаруашылығы саудасының түрлері тұрғысынан, 2021 жылы Қытай негізінен Қазақстаннан бидайды, майлы дақылдарды және арпаны импорттады.

Үшіншіден, өзара байланыс

Өткен ғасырдың аяғынан бастап Орталық Азия Қытаймен транзиттік арналардың қарқынды құрылысында ынтымақтастықта болып, географиялық жағдайдан туындаған шектеулерді айтарлықтай жеңілдетті.

Осы жылдың қаңтар-қараша айлары аралығында Қытай-Еуропа пойыздарынан барлығы 15 162 пойыз жолға шығып, 1,475 миллион TEU жүктерін жөнелтті. Көрсеткіш өткен жылдың ұқсас мезгілімен салыстырғанда сәйкесінше 10% және 11%-ға артты.

2014 жылдың мамыр айында Қазақстан Ляньюньганда логистикалық терминал ашты. Ляньюньганның Қытай-Қазақстан логистикалық ынтымақтастық базасы біртіндеп Орталық Азияның бес елі арасындағы транзиттік тасымалдау, қоймалау және логистика бойынша, сондай-ақ сауда саласы үшін халықаралық экономикалық платформаға айналды.

Төртіншіден, энергетикалық ынтымақтастық

Дәстүрлі энергетика

Қытай - Қазақстан табиғи мұнай құбыры, Қытай-Қазақстан газ құбыры және Қытай-Қазақстан мұнай құбыры сияқты Қытай мен Қазақстан арасында көптеген ірі салалар орныққан. 2022 жылдың қазан айындағы жағдай бойынша Қытайдағы шикі мұнайды тасымалдауға арналған алғашқы жер үсті трансшекаралық мұнай құбыры — Қытай-Қазақстан мұнай құбыры 7000 күннен астам қауіпсіз пайдаланылып, Қытайға 150 миллион тоннадан астам шикі мұнай жеткізді.

Жаңа энергетикалық ынтымақтастық

Соңғы жылдары климаттың өзгеруіне жаһандық әрекет ету, таза және төмен көміртекті энергетиканы түрлендіруді жеделдету аясында Қытай мен Орталық Азия елдері гидроэнергетика, жел энергиясы және фотоэлектрлік желі сияқты жаңартылатын энергия көздеріндегі ынтымақтастықты нығайтты. Энергетика өнеркәсібінің бүкіл тізбегіндегі бірлестікті кеңейтіп, төмен көміртекті энергияны түрлендіруге ықпал етті. «Бір белдеу, бір жол» құрылысының жасыл, төмен көміртекті және тұрақты дамуын бірлесіп ілгерілетті.

Қытайлық компаниялар Орталық Азия елдерінде жаңартылатын энергия көздері саласындағы ынтымақтастықты жүзеге асыру кезінде, бір жағынан, жергілікті экономиканың дамуына, жұмыспен қамтудың ұлғаюына және энергетикалық инфрақұрылымның өзара байланыстылығына ықпал етті. Екінші жағынан, техникалық көмек, халықтың игілігіне арналған жобалар және қызметкерлерді даярлау арқылы жергілікті қоғамның, мәдениеттің және білімнің жеделдеуіне қолдау болды.

Бесіншіден, медицина және денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық

Қытай мен Орталық Азия елдері арасында денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық жалғасып келеді. 2017 жылы Қытайдың дәстүрлі қытай медицинасы мемлекеттік басқармасы халықаралық ынтымақтастығының арнайы қолдауымен Қазақстанда «Қытай—Қазақстан дәстүрлі қытай медицинасы орталығы» құрылды.

Екі тараптың фармацевтика саласындағы ынтымақтастығы өзара жалғасын тапты. Kelun Pharmaceutical бірлескен Қытай-Қазақстандық кәсіпорны 2014 жылы шілдеде Қазақстанда құрылып, пайдалануға берілді. Мұнда өндірілген дәрі-дәрмектер қазақстандық нарықтың сұранысын қанағаттандырып қана қоймай, сонымен қатар Орталық Азияның басқа елдеріне де сатылымға шығарылды.

Алтыншыдан,мәдени мұра саласындағы ынтымақтастық

2014 жылы Қытай, Қазақстан және Қырғызстан бірлесіп өтініш берген «Жібек жолы: Чанъань—Тяньшань дәлізінің жол желісі» жобасы 38-інші Дүниежүзілік мұра конференциясында Мұра комитетінің тексеруінен сәтті өтіп, ЮНЕСКО-ның «Дүниежүзілік мұра тізіміне» енгізілді. 2016 жылы Қытай-Қазақстан бірлескен археологиялық тобы Рахат қирандыларын қазуға кірісті.

Жетіншіден, білім беру және кәсіптік даярлық саласындағы ынтымақтастық

Қытайдағы көптеген университеттер Қазақ тілі мамандығын ашты. Қазіргі уақытта Қазақстанда 5 Конфуций институты бар. Сонымен қатар, жыл сайын Қазақстаннан Қытайға келіп білім алатындардың саны артуда.

Қытай бірқатар Қазақстан зерттеу орталықтарын құрды. Толық емес статистикаға сәйкес, Солтүстік-Батыс университеті, Шанхай университеті, Далянь шетел тіл университеті, Сиань шетел тіл университеті және Шығыс Қытай педагогикалық университеті сынды жоғары оқу орындарында Қазақстан зерттеу орталықтары құрылды. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото