- Барлық ақпарат
Алғашқы 11 айда Қытайдың шетелдік капиталды нақты пайдалануы 9,9%-ға өсті
![]() |
26 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Сауда министрлігі жариялаған соңғы деректер 2022 жылдың алғашқы 11 айында Қытайда пайдаланылатын шетелдік капиталдың нақты көлемі 1156,09 миллиард юаньды құрап, өткен жылдың сәйкес мезгілімен салыстырғанда 9,9%-ға өскенін көрсетті. Бұл көрсеткіш 178,08 миллиард АҚШ долларына тең болып, 12,2%-ға артқан.
Өнеркәсіп тұрғысынан алғанда, қызмет көрсету саласында шетелдік капиталды нақты пайдалануы 842,61 миллиард юаньды құрап, 0,9%-ға өсті. Жоғары технологиялық салаларда шетелдік капиталды нақты пайдалану 31,1%-ға артты. Оның ішінде жоғары технологиялық өңдеу өнеркәсібі 58,8%-ға, ал жоғары технологиялық қызмет көрсету саласы 23,5%-ға жоғарылады.
Дереккөз мәліметтерінше Қытайға Оңтүстік Корея, Германия, Ұлыбритания және Жапонияның нақты инвестициялары сәйкесінше 122,1%, 52,6%, 33,1% және 26,6%-ға (еркін порттар арқылы инвестициялау деректерін қамтығанда) өскен.
Аймақтық тұрғыда еліміздің шығыс, орталық және батыс аймақтарында шетелдік капиталды нақты пайдалану сәйкесінше 7,7%, 28,6% және 24,6% ұлғайған.
people.cn © People's Daily Online