Қытай елге кіргендерге нуклеин қышқылын тестілеуді және орталықтандырылған оқшаулауды тоқтатады

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 27 желтоқсан

27 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- 26 желтоқсанда Ұлттық денсаулық сақтау комиссиясы 8 қаңтардан бастап елге кіргеннен кейін барлық адамды нуклеин қышқылына тестілеуді және орталықтандырылған оқшаулауды тоқтатуды ұсынатын құжатты жариялады.

Құжатта мыналар көрсетілген: Қытайға келгендер сапардан 48 сағат бұрын нуклеин қышқылы сынағынан өтеді және сынағы теріс нәтиже көрсеткендер Қытайға келуіне болады. Шетелдегі Қытай елшілігінде немесе консулдығында денсаулық кодын алуға өтініш берудің және нәтижелерді кедендік денсаулық декларациясының карточкасында толтырудың қажеті жоқ. Тест нәтижесі оң болған жолаушы нәтижесі теріс болғаннан кейін келуі керек.

Барлық жолаушыны шекарадан кіргеннен кейін нуклеин қышқылына тестілеу және орталықтандырылған оқшаулау тоқтатылады. Денсаулық туралы декларациясы қалыпты және кеден портында әдеттегі карантинде ауытқулары жоқ адамдар қалыпты жол жүре береді.

Халықаралық жолаушылар рейстерінің санын бақылау шаралары алып тасталады.

Қытайға келетін шетелдіктер үшін рәсімдеу одан әрі оңтайландырылып, тиісті визалық жеңілдіктер беріледі. Су жолдары мен құрлық порттары арқылы жолаушылардың кіруі мен шығуы біртіндеп қалпына келтіріледі.

Қытай азаматтарының шетелге саяхаттауы да біртіндеп қалпына келеді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото