Биыл Қорғас тасжол портындағы коммерциялық көліктердің экспорты 40 000-нан асты

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 27 желтоқсан
Биыл Қорғас тасжол портындағы коммерциялық көліктердің экспорты 40 000-нан асты

27 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- 18 желтоқсан күні 163 коммерциялық көліктің соңғысы Қорғас тасжол порты арқылы шекарадан шықты. Қазіргі уақытта, осы жылдағы Қорғас порты арқылы экспортталған коммерциялық көліктердің саны 40 136-ға жетіп, сәйкес мезгілмен салыстырғанда 96,8%-ға артқан. Экспортталатын тауарлық көліктер негізінен жүк көтергіштері, самосвалдар, пайдаланылған жаңа энергиялық көліктерден құрам табады.

Осы жылдан бастап Қорғас портындағы коммерциялық көліктер экспорты өткен жылдан басталған қарқынды өсу үрдісін жалғастырды. Орта есеппен Қорғас порты арқылы Орталық Азия мен Еуропа нарығына күн сайын шамамен 114 коммерциялық автомобиль экспортталады. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото