Қазақстанда Қытай-Қазақстан халықаралық бизнес-форумы өтті

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 29 желтоқсан
Қазақстанда Қытай-Қазақстан халықаралық бизнес-форумы өтті

29 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың Алматыдағы Бас консулдығы ресми сайтының хабарлауынша, 27 желтоқсан күні Қазақстанның Алматы қаласында «Қорғас—Қазақстан: «Бір белдеу, бір жол» бастамасының он жылдығы - жаңа мүмкіндіктер мен жаңа болашақ» атты халықаралық бизнес - форум өтті. Іс-шараға Қытайдың Алматыдағы Бас консулы Цзян Вэй және Қытай мен Қазақстанның әр түрлі компанияларының 100-ге жуық өкілі қатысты.

Жаңалықтарға сәйкес, Цзян Вэй Қытай мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынастар орнағаннан кейінгі 30 жыл ішінде екі ел арасындағы байланыс қарқынды дамуға қол жеткізгенін, ал екіжақты прагматикалық ынтымақтастық жемісті нәтижелер көрсеткенін атап өтті. Қазақстан «Бір белдеу, бір жол» бірлескен құрылысының алғашқы орны және батыстағы алғашқы аялдамасы бола отырып, бірқатар инфрақұрылымдық және сауда-экономикалық ынтымақтастық жобаларына қатысты.

Цзян Вэй Қорғастың Еуразия экономикалық аумағының ортасында орналасқанын, бұл Қытайдың батысқа қарай есік ашуының көпірі және Жібек жолы экономикалық белдеуінің орталық бөлігіндегі маңызды тірек нүктесі екенін атады. Бас консул мұнда әлемдегі алғашқы трансшекаралық еркін сауда аймағы жұмыс жасайтынын атап өтті. Сонымен қатар ресми өкіл Қорғас ішкі және халықаралық екі нарық пен ресурсты толық көлемде пайдалануда, географиялық артықшылықтарды үнемі экономикалық жетістіктерге айналдыруда, Қытай-Қазақстан экономикалық және сауда алмасуларын ілгерілету мен кеңейтуде белсенді рөл атқаруға тиіс екенін жеткізді.

Кездесуде Қытай мен Қазақстаннан келген кәсіпкерлер инвестиция, көлік және логистика саласындағы ынтымақтастық туралы пікір алмасып, ынтымақтастық туралы он келісімге қол қойды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото