Кубучи шөлінде әлемдегі ең ірі жел энергетикалық фотоэлектрлік базасының құрылысы басталды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 29 желтоқсан
Кубучи шөлінде әлемдегі ең ірі жел энергетикалық фотоэлектрлік базасының құрылысы басталды

29 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- 28 желтоқсанда тілшінің Үш шатқал тобынан алған мәліметіне сәйкес, Үш шатқал тобы мен Ішкі Моңғұлдың энергетикалық тобы салған Ордостың солтүстік-орталық бөлігінде Кубучи шөліндегі жаңа энергетикалық база жобасының құрылысы басталды. Бұл жоба шөлде, қағырда және шөлейт аймақтарда әзірленген әлемдегі ең ірі жел энергетикалық фотоэлектрлік база жобасы. Нысан сонымен бірге Қытайда құрылысы басталған 10 миллион киловатт жаңа энергетикалық базаның алғашқы ауқымды жобасы болып табылады.

Кубучи негізгі жобасына жоспарланған инвестицияның жалпы көлемі 80 миллиард юаньнан асады. Жалпы белгіленген қуаты 16 миллион киловатт, оның ішінде 8 миллион киловатт фотоэлектрлік және 4 миллион киловатт жел энергиясы. Сондай-ақ 4 миллион киловатт заманауи және жоғары тиімді көмірмен жұмыс істейтін электр энергиясы қамтылған. Барлық жобалар аяқталғаннан кейін бұл нысан Бейжің-Тяньцзинь-Хэбэй аймағына жыл сайын шамамен 40 миллиард киловатт-сағат электр энергиясын жеткізе алады. Оның 50%-дан астамы таза энергия болмақ. Бұл шамамен 6 миллион тонна стандартты көмірді үнемдеуге және көмірқышқыл газының шығарындыларын шамамен 16 миллион тоннаға азайтуға барабар.

Кубучи шөлі Ішкі Моңғұл Ордос үстіртінің солтүстік бөлігінде орналасқан Қытайдағы жетінші үлкен құмды шөл. 2014 жылы Кубучи шөлі Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған ортаны қорғау бағдарламасы бойынша «Жаһандық шөлді экологиялық және экономикалық демонстрациялық аймақ» деп жарияланды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото