Қазақстан және Қытай: достық жолында 30 жыл

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 30 желтоқсан
Қазақстан және Қытай: достық жолында 30 жыл

Қазақстан мен Қытай арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуын, сондай-ақ Қазақстан-Қытай ғылыми ынтымақтастығының одан әрі дамуын мерекелеу шеңберінде 2022 жылғы 28 желтоқсанда «Қазақстан және Қытай: достық жолында 30 жыл» Халықаралық дөңгелек үстелі өтті (онлайн форматта), деп хабарлайды DKNews.kz.

Аталған іс-шараны Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулдығы мен Қытайдың Алматыдағы Бас консулдығы ұйымдастырды.

Дөңгелек үстел барысында Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулы Рахымжан Рахимов пен Қытайдың Алматыдағы Бас консулы Цзян Вэй құттықтау сөз сөйледі.

Сонымен қатар, аталған іс-шара барысында Қазақстан Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің Философия, саясаттану және дінтану институтының, Шанхай қоғамдық ғылымдар академиясының, «Бір белдеу және бір жол» сарапшылар мен ғалымдар клубының, Шанхай халықаралық зерттеулер академиясының, «China Center» Қытай зерттеулер орталығының, Шығыс Қытай педагогикалық университетінің, Еуразиялық халықаралық зерттеулер қауымдастығы, Шанхай шет тілдер университеті, сондай-ақ Чжэцзян қаржы және экономика университетіннің өкілдері сөз сөйледі.

Жалпы, «Қазақстан және Қытай: достық жолында 30 жыл» Халықаралық дөңгелек үстелі жылы және достық атмосферада өтті, оның барысында екі елдің ғылыми-зерттеу орталықтары мен университеттерінің ғалымдары мен сарапшылары Қазақстан-Қытай ынтымақтастығын одан әрі дамытуға байланысты кең ауқымды мәселелер бойынша мазмұнды пікір алмасты.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото