АСЕАН-ның Орталық Азиямен байланысын ілгерілететін «Вьетнам-Қытай-Қазақстан» бірлескен пойызы іске қосылады

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 3 қаңтар
АСЕАН-ның Орталық Азиямен байланысын ілгерілететін «Вьетнам-Қытай-Қазақстан» бірлескен пойызы іске қосылады

3 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- 2022 жылы 31 желтоқсан күні сағат 13:20-да электронды компоненттер мен басқа да тауарларды тиеген 75140 халықаралық жүк пойызы Гуансидегі Пинсян теміржол станциясынан Сиань халықаралық теміржол портына жөнелтіліп, содан кейін Қытай-Еуропа теміржол бағыты бойынша Қазақстанға жолға шығады. Пойыз межелі жерге 25 күннен кейін жетеді деп күтілуде.

Пойыздың жолға сәтті шығуы Қытай - Вьетнам және Қытай-Еуропа бірлескен пойыздарына жаңа жол қосылғанын білдіреді. Бұл ел іші және халықаралық екі циклді байланысқа ерекше қолдау көрсетеді және ұлттық экономиканың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді.

Қытай теміржол компаниясы Nanning Bureau Group Co., Ltd. ұсынған ақпаратқа сәйкес, бұл жолы іске қосылған 75140 жүк пойызының бастапқы станциясы-Вьетнамдағы Тондэн станциясы. Пойыз елге Қытай Пинсян станциясы арқылы кіріп, Сиань халықаралық портына жиналып, алмасқаннан кейін, Қытай-Еуропа теміржол бағыты бойынша Қорғас шекарасы арқылы елден шығып, соңында Қазақстанның Алматы қаласына жетеді.

Қытай—Вьетнам және Қытай—Еуропа бірлескен пойызының «Вьетнам-Қытай-Қазақстан» жаңа бағытының ашылуы АСЕАН-ның халықаралық жүк тасымалдау желісін одан әрі жақсартып, жүктерді тасымалдау уақытын едәуір қысқартты әрі тасымалдаудың тиімділігін арттырды. Сонымен бірге Гуанси халықаралық пойыздарының Азия-Еуропа және Оңтүстік-Шығыс Азиядағы халықаралық ықпалын кеңейтті. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото