«Қытай жазуына махаббат» атты 2022 жылғы халықаралық хикая конференциясының шешуші жарысына қатысушылардың тізімі жарияланды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 9 қаңтар
«Қытай жазуына махаббат» атты 2022 жылғы халықаралық хикая конференциясының шешуші жарысына қатысушылардың тізімі жарияланды

9 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Халықтық шетелдермен достық қауымдастығы ұйымдастырып, онлайн «Халық Газеті»(People's Daily Online), ҚКП-ның Хоххот қалалық комитеті және Хоххот қалалық халық үкіметі өткізетін 2022 жылғы «Қытай тіліне махаббат»  атты халықаралық хикая конференциясы алдын-ала тур және реванштан кейін шешуші жарыс кезеңіне жетті.

Бұл байқаудың тақырыбы – «И (әділеттілік)» деп аталады. «И (әділеттілік)» ― ежелгі Қытайдың философиялық тұжырымдамасы. Конфуцийшілдікте мейірімді әділеттілікті білдірсе, Можияда адамгершіліктегі әділеттілікті білдіреді. Жаңа дәуірде «әділеттілік» сөзіне уақытқа сәйкес жаңа мағына берілді. Бұл байқаудың мақсаты-дәстүрлі қытай мәдениетін тарату, Қытай тілінің көркемдігін зерттеу, өзара алмасу және өзара үйрену арқылы өркениеттің дәуірлік бейнесін таныту. Конференция үш кезеңнен тұрды: алдын-ала тур, реванш және финал. Нәтижесінде 10 үміткер финалға шықты.

Финал 2023 жылдың 10 қаңтарында Ішкі Моңғұл автономиялық регионы Хоххот қаласында өтеді. Ақтық жарыста 10 қатысушы сахнаға шығып қытай тілінде «И (әділеттілік)» тақырыбында 7 минут сөйлейді. Әділқазылар марапат түрлерін сол жерде тағайындайды.

Финалистердің тізімі (Елдер бойынша алфавиттік тәртіппен) :

Hussaini Mohammad Mahdi ― Ауғанстан. Шаньси университетінде оқиды.

Seyi Essobo Pascal Axyan ― Камерун. Оңтүстік-батыс Миньзу университетінде оқиды.

Janik Westerboer ― Германия. Аньхой Шет тілдері институтында оқиды.

Kalra Anmol Suresh ―Үндістан. Шаосин Өнер және ғылым институтында оқиды.

Gaifiev Eduard ― Ресей. Хунань педагогикалық университетінде оқиды.

Lucas Gutierrez Rodriguez ― Испания. Оңтүстік-Батыс Ғылым және технология университетінде оқиды.

Kiti Tippawan ― Тайланд. Юньнань Миньзу университетінде оқиды.

TCHABI KOFFI ODJOUKPAN ― Того. Ішкі Моңғол педагогикалық университетінде оқиды.

Kirianaki Kseniia ― Украина. Оңтүстік-Батыс Орман университетінде оқиды.

Peter J Dunkle ― АҚШ. Анхой Қытай-Канада колледжінде оқиды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото