Бір жылда ұшақпен қатынаған жолаушылар саны 10 млн-ға жетті

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 9 қаңтар
Бір жылда ұшақпен қатынаған жолаушылар саны 10 млн-ға жетті

Өткен жылы әуеде жолаушы тасымалы 15%-ға ұлғайды және олардың саны Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері алғаш рет 10 млн-нан асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Азаматтық авиация комитеті таратқан мәліметке сенсек, әуе көлігіндегі жолаушы тасымалы барлық болжамдардан озып, өткен жылы пандемияға дейінгі 2019 жылдан да үлкен өсім көрсетті.

Мәселен, 2022 жылғы 11 айдың қорытындысы бойынша қазақстандық әуе компаниялары тасымалдаған жолаушы саны 2021 жылмен салыстырғанда 15%-ға артып, 9,9 миллионға жетті (2021 жылы – 8,6 млн, 2020 жылы – 5 млн жолаушы).

Болжам бойынша, 2022 жылғы тасымалданған жолаушы саны шамамен 10,8 миллионға жетеді деп күтіліп отыр.

2021 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда өсім (9,4 млн жолаушы) - 15%.

Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері алғаш рет жолаушылар тасымалы 10 миллион жолаушыдан асады.

Өтен жылы қаңтар-қараша айларында Қазақстандық әуе компаниялары ішкі бағыттарда 7 млн (2021 жылы – 6,9 млн, 2020 жылы – 4,1 млн), халықаралық бағыттарда – 2,9 млн жолаушы (2021 жылы – 1,7 млн, 2020 жылы – 0,9 млн) тасымалдады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото