- Барлық ақпарат
Қытайдың валюталық резервтерінің көлемі 3127,7 миллиард АҚШ долларын құрайды
9 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- 7 қаңтарда Мемлекеттік валюта басқармасы жариялаған мәліметтерге сәйкес, 2022 жылдың желтоқсан айының соңындағы жағдай бойынша Қытайдың валюта резервтері 3127,7 миллиард АҚШ долларын құрап, қараша айының соңындағы көрсеткіштермен салыстырғанда 10,2 миллиард АҚШ долларына артып, 0,33% - ға өскен.
«2022 жылдың желтоқсанында доллар индексі төмендеп, жалпы қаржылық активтердің әлемдік бағасы түсті. Айырбас бағамы мен активтер бағасының өзгеруі сияқты факторлардың үйлесуі ағымдағы айда валюталық резервтер көлемін ұлғайтты». Шетел валютасын айырбастау бюросына жауапты тұлға еліміздің экономикасы жоғары тұрақтылыққа, берік әлеуетке және жеткілікті өміршеңдікке ие екенін, оның ұзақ мерзімді іргелі көрсеткіштері өзгермегенін, бұл валюталық резервтер ауқымында жалпы тұрақтылықты сақтауға ықпал ететінін айтты.
people.cn © People's Daily Online