«Қытай жазуына махаббат» атты 2022 жылғы халықаралық хикая конференциясы табысты аяқталды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 11 қаңтар
«Қытай жазуына махаббат» атты 2022 жылғы халықаралық хикая конференциясы табысты аяқталды

11 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Халықтық шетелдермен достық қауымдастығы ұйымдастырып, онлайн «Халық Газеті»(People's Daily Online), ҚКП-ның Хоххот қалалық комитеті және Хоххот қалалық халық үкіметі өткізген 2022 жылғы «Қытай жазуына махаббат» атты халықаралық хикая конференциясының шешуші жарысы 2023 жылдың 10 қаңтарында Ішкі Моңғол Автономиялы регионының Хоххот қаласында табыспен шымылдығын жапты.

Бұл байқаудың тақырыбы – «И (әділеттілік)» деп аталады. И (әділеттілік) арқылы әлем өркениетінің өзара пікір алмасу мен үйрену, бір-бірін түсінісу, етене болу тұжырымдамасы, қол ұстаса алға басып, болашаққа бірге бет алу әлеуеті танылды. Әлемнің 70-тен астам елінен келген 3000-ға жуық үміткерлер қытай жазуы арқылы бір-бірімен табысып, жарыста бақтарын сынады.

Тартысты жарыстан кейін Камеруннан келген Seyi Essobo Pascal Axyan чемпион атанып, бас жүлдеге ие болды. Үндістандық Kalra Anmol Suresh пен тайландтық Kiti Tippawan бірінші дәрежелі жүлдені ұтып алды. Украиналық Kirianaki Kseniia, ресейлік Gaifiev Eduard және германиялық Janik Westerboer үшеуі екінші орынды қанжығаларына байлады. Ал үшінші орын Тоголық TCHABI KOFFI ODJOUKPAN, испаниялық Lucas Gutierrez Rodriguez, ауғанстандық Hussaini Mohammad Mahdiге бұйырды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото